» » "Алтын қанды" адам

"Алтын қанды" адам

Аустралияда "Алтын қанды" адам деп аталып кеткен Джеймс Харрисон атты ерекше жан тұрады. Оның жасы қазір 81-ге келді. 64 жыл бұрын Харрисон өзінің ымырасыз шешімінің арқасында миллиондаған адам өмірін құтқаратынын еш ойламаған еді.  Джеймс Харрисон 1936 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келген. 14 жасында оның көкірек қуысына күрделі ота жасалатын болып, 13 литр донорлық қан керек болады. Керекті донор табылып, ота сәтті аяқталады. Харрисон 3 ай бойы ем қабылдап, өзін донорлық қан құтқарып қалғанын түсінеді. Содан алқынып тұрған бозбала 18 жасқа толған кезінде донорлық қан өткізуге өз-өзіне уәде береді.  Ол 1954 жылдан бастап қан өткізе бастайды. Сөйтсе 18 жасар жігіттің қанында D резус-факторының антигеніне қарсы антиденелер бар екен. Бұл табиғи фазада өте сирек кездесетін органикалық заттар болып шықты. Кейін оның қан плазмасының негізінде қан сарысуы жасалып, өзге емделушілерге қолданыла бастады. Мысалы, анадағы резус-теріс қанның антиденелері баладағы резус-оң қанға өтіп кетпес үшін, сарысу плазмасын енгізеді. Нәтижесінде болашақ нәресте өміріне еш қауіп төнбейді. Джеймстің қан плазмасы көбіне анемия ауруына шалдыққандарға қолданылады.  Харрисон 57 жыл бойы 3 аптада бір рет қан тапсырып тұрады. 2011 жылы ол 1000 рет қан тапсырып, Гиннестің рекортар кітабына енеді. 2015 жылға дейін Аустралияның бүкіл антирезустік дәрі-дәрмектері Джеймстің қан плазмасымен жасалып келді. Ол ең соңғы рет 2018 жылдың мамырында қан тапсырған еді.  Осы күнге дейін Джейс Харрисон арқасында 2,4 миллионнан астам нәресте аман қалды, олардың ішінде Джеймстің өз қызы да бар.

01 маусым 2018 ж. 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031