Салмақ та салғырттықтан туады
Бірде екі келіншектің әңгімелесіп отырғанын құлағым шалып қалады. «Жәмилә қатты жүдеп кетіпті» деді әлгі келіншектің біреуі. «Ол арықтататын дәрі ішті ғой, білмейсің бе?! Қазір аздыратын дәрінің түрі көп. Соның бірін ішіп, сыптай боп, біраз салмақ тастады» деді әңгімеге ілескен екіншісі. Әп сәтте әдемі мүсінде болады екенмін деп кей әйелдің солай есі кетеді. Себебі артық салмақ қазір көп адамның басты проблемасы. Басым бөлігінің ойы – жылдам нәтижеге жету. Рас, бүгінде бәріне асығып тұрамыз. Тез байып кеткіміз, табысты болғымыз келеді, салмақты да солай оп-оңай тастай аламын деп ойлайды. Бәзбіреулер айлап жаттығу жасап, дене шынықтырып, еңбек еткісі келмейді. Десе де дәрі ішіп арықтап, соңында денсаулығына зиян беріп жатқандар көп. Жалпы бұл дәрілердің аз уақыт ішінде салмақ тастауға қалай әсер етеді? Денсаулыққа төндірер қаупі қандай? Саралап көрелік.
Тарих қойнауын ақтаратын болсақ, арықтауға арналған дәрілер сонау 1800 жылдары қолданысқа енген. Ал артық майды кетіретін жақпа майлар 1930 жылы Францияда жасалған. Құрамында хлор мен бром бар радиоактивті бұл майлардың адам баласына тигізген пайдасы зор болғанымен, денені қызартып, түрлі ауруларға алып келген. Кейіннен Германия мемлекеті де сұлулықтың жолында түрлі қадамдар жасаған. Сылқымдар жүзі нұрланып, әдемі болу үшін, күшәланы «мыщьяк» та ішкен. Бірақ бұл да бір есірткінің түрі болғандықтан, оны мүлде қою мүмкін емес. Германия елінің сұлулары осы күшәланы ішіп, айтарлықтай арықтаған. Алайда мұны қолданғандардың дені 35 пен 40 жас аралығында ғана өмір сүрген. Себебі күшәланың құрамындағы заттар ерте өлімнің басты себебіне айналған.
Иә, бүгінде семіздік жаһандық эпидемия ретінде танылды. Әлемде әрбір төртінші адам артық салмақтан зардап шегеді. Бұл дертті емдеу жолында адамдар түрлі көмекке жүгінеді: спорт, дұрыс тамақтану және ең оңай деп танылған – арықтататын препараттар. Сұлу мүсінді армандаған жандар арықтаудың жеңіл жолын іздейді. Бірақ оның салдары да аса қуантарлық емес. Ас қорыту проблемалары – бұл салмақ жоғалтуға арналған дәрі-дәрмектердің кері әсерлерінің бірі. Арықтататын дәрілер нарығы өте кең, бірақ олардың барлығы қалаған нәтижеңізге жеткізетініне кепілдік жоқ.
Семіздіктен құтқаратын дәрі жоқ
Жыл басында «арықтаймын» деп БАД (биологиялық белсенді қоспаны) ішіп, жүрегі бірнеше минутқа тоқтап қалған ақтаулық тұрғын туралы біраз жерде жазылды, айтылды. Ол дәрігерлердің көмегімен аман қалған. Жүрегіне дер кезінде ота жасалған. Нәтижесінде науқас клиникалық өлімнен оянған. Содан кейін оған 6 күн қатарынан жансақтау бөлімінде көмек көрсетілген. Жалпы семіздіктен құтқаратын дәрі жоқ. «Сондай ғажап дәрмек бар» деп жарнама жасап жүрген блогерлерге не деуге болады? Сауатсыздықтың, надандықтың, дүниеқоңыздықтың шегі жоқ деген рас-ау. Арықтау деген дұрыс тамақтану мен тұрақты түрдегі қимыл-қозғалыс емес пе?!
Жалпы арықтау белгілі бір уақытты, күшті талап етеді. Көп қозғалғысы келмейтін, жаттығуға уақыт таппайтын кейбір қыз-келіншектерге арықтататын дәрілер салмақ тастаудың ең оңай жолы болып отыр. Бірақ алып жүрген дәрілердің зияны туралы көп ойлана бермейді. Физикалық жаттығусыз арықтау, яғни арықтататын препараттарды қабылдау бүйрек, бауыр, ішек жолдары, асқазан ауруларына әкеледі. Арықтау әсері тез болғанымен, денсаулығыңыз уақыт өте келе сыр бере бастайды. Арықтаймын деп дәрі сатып алу оңай, бірақ денсаулығыңызға әсер етсе, ақшаңызды қайтармайды. Бұл екі есе шығын. Денсаулыққа пайдалы, теріңізге жақсы рең беріп, ағзаңызды дұрыстағыңыз келсе, жаттығумен, фитнеспен айналысыңыз деп кеңес берер едік. Жаттығу жасау үшін міндетті түрде залға барып, фитнеске жазылудың қажеті жоқ, үйде де жаттығу жасап арықтауға болады
Медициналық тұрғыда тез әрі оңай арықтау мүмкін бе? Бұл жауапты ғаламтордан іздесеңіз, жүздеген мақала мен жарнама шығады. Бірі қолдаса, бірі даттайды. Қай ақпаратқа сенеріңізді білмей қаласыз.
Әлеуметтік желідегі жарқыраған жарнамалар жанарыңа оттай басылады. «Бізбен бірге арықтаңыз», «10 күнде арықтау», «сұлулықтың кепілі – біздің препарат» деген секілді сөздермен артық салмақтан арыла алмай жүргендердің қызығушылығын арттырады. Жалпы мұндай дәрілерді Қытай мемлекетінен әкеліп ішіп жатады. Шөптің құрамында не барында білмейді. 1-2 айдың көлемінде 20-30 келі тастайды да, кейін кері әсерлерін көріп жатады.
– Осыдан бір жыл бұрын танымал блогердің парақшасында арықтататын таблеткалар туралы жарнаманы көріп қалдым. Ол кісі дәрінің көмегімен бір айда 10 келі тастағанын айтып, суреттерімен бөлісті. Бұл дәрі туралы пікірлерді оқып, тапсырыс беріп көрдім. Сыртында «еш уайымсыз арықта» деген жазу болды. Екі апта ішінде 4 келі тастадым. Жайсыздық болмағандықтан, әрі қарай да ішуді жалғастыра бердім. Сөйтіп, бір қаптамасы біткен соң, тағы бір қорабына тапсырыс бердім. Арықтағаныма қуанып жүргенімде, бір шаруаларым болып, дәрі туралы ұмытып кетіппін. 1 апталық дәрінің курсын жіберіп алдым. Нәтижесінде, 5 келі қосып алғанымды аңғардым. Тезірек қолға алайын деп, препаратты қайта қабылдай бастадым. Бір күні ауырсыну пайда болды. Дәрігерге барғанымда, ас қорыту жүйесі бұзылғаны анықталды. Бар болғаны 1,5 айдың ішінде әдемілікті аңсап, денсаулығымды құртып алдым. Маған түсіндіргені бойынша, мұндай дәрілер тәбетті басып, ас қорыту жүйесін жылдамдатады екен. Ал дұрыс қызмет атқарып тұрған ас қорыту жүйесі бұл стрестің кесірінен істен шығады, – дейді салмақ тастайтын дәрінің құрбаны болған Жазира Асқарова (аты өзгертілді).
Расымен мұндай қоспалардың зияны басында білінбейді, уақыт өте сезіледі екен. Жоғарыдағы кейіпкердің сөзі осыған дәлел.
Салмағын саналы түрде азайтуға кіріскендердің бірі – Салтанат Жарасова. Ол 2 жылдан бері таңертең жүгіреді. Сол уақыттан бері тастамай, тән саулығы үшін арнайы жаттығулар жасайды. Сонымен қоса дұрыс тамақтанады.
– Қазіргі уақытта артық салмақпен күрес ең маңызды проблемалардың біріне айналды. «Арықтағың келсе – аузыңды тый» демекші, қанша өзімізді тыйғанмен, кейде тым көп жейміз. Осының кесірінен «шелектеп» тер төксек те, артық салмақ баяу кетеді. Сол себепті жылдам нәтижеге жету үшін дәріні пайдаланады көбі. Мен оған кеңес бермес едім. Артық салмақ адамды ауру қылады. Дегенмен басты мақсатым – денсаулықты түзеу болды. Дер кезінде шешім қабылдап бастап кеткеніме қуанамын. Бүгінде жиі айтылатын «аз-аздан, үздіксіз» деген қағидамен жұмыс істеп келемін. Ең бастысы тоқтап қалмау қажет. Күнделікті өзіңе, денсаулығыңа, сұлулығыңа көңіл бөлуді әдетке айналдырған жөн, – дейді ол.
Арықтататын дәрінің кері әсерін әншілер де айтып жүр. Ал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті осындай өнімдердің Қазақстанда тіркелмеген 40 түрін анықтаған екен. Мұны жақында комитет сайтына жарияламақ. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, өткен жыл көлемінде 3 жыл бойынша 13325 таратушы анықталған, оның ішінде 3759 интернет профилі бұғатталғал екен. Мұның біреуін бұғаттаса, екіншісі ашылады. Сол себепті ондай қоспаны алмай тұрып, «Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу порталынан» тексеру керек. Бірақ тұрғындар ол сайтты қарайды деу қиын. Иә, мәселе сауаттылықта да секілді. Себебі, сатушы мақсаты – пайда. Ал өнімнің өтуіне артық салмағы барлардың өздері де кінәлідей көрінеді.
Мамандар арнайы препараттарды дәрігердің нұсқауынсыз қолданбауға кеңес береді, өйткені оларды үнемі қолдану ас қорытудың қалыпты жұмысын бұзады және асқазан-ішек жолдары, бауыр, бүйрек аурулары және гипертония сияқты денсаулыққа ауыр зардаптар әкелуі мүмкін.
Түйін
Артық салмақ 1 күнде немесе 1 айда пайда болмайтыны, рас. Сондықтан жылдар бойы жиналған майдан арылуы да ұзақ уақытты талап ететіні түсінікті. Ал дәрі ішіп 1-2 айда жіптіктей болып шығасыз дегенге сенсеңіз, өз еркіңіз. Бірақ одан кейінгі денсаулықты қалыпқа келтіру үшін де ұзақ уақыт кететінін естен шығармаңыз. Себебі басты байлық – денсаулыққа жетері бар ма?!
Тарих қойнауын ақтаратын болсақ, арықтауға арналған дәрілер сонау 1800 жылдары қолданысқа енген. Ал артық майды кетіретін жақпа майлар 1930 жылы Францияда жасалған. Құрамында хлор мен бром бар радиоактивті бұл майлардың адам баласына тигізген пайдасы зор болғанымен, денені қызартып, түрлі ауруларға алып келген. Кейіннен Германия мемлекеті де сұлулықтың жолында түрлі қадамдар жасаған. Сылқымдар жүзі нұрланып, әдемі болу үшін, күшәланы «мыщьяк» та ішкен. Бірақ бұл да бір есірткінің түрі болғандықтан, оны мүлде қою мүмкін емес. Германия елінің сұлулары осы күшәланы ішіп, айтарлықтай арықтаған. Алайда мұны қолданғандардың дені 35 пен 40 жас аралығында ғана өмір сүрген. Себебі күшәланың құрамындағы заттар ерте өлімнің басты себебіне айналған.
Иә, бүгінде семіздік жаһандық эпидемия ретінде танылды. Әлемде әрбір төртінші адам артық салмақтан зардап шегеді. Бұл дертті емдеу жолында адамдар түрлі көмекке жүгінеді: спорт, дұрыс тамақтану және ең оңай деп танылған – арықтататын препараттар. Сұлу мүсінді армандаған жандар арықтаудың жеңіл жолын іздейді. Бірақ оның салдары да аса қуантарлық емес. Ас қорыту проблемалары – бұл салмақ жоғалтуға арналған дәрі-дәрмектердің кері әсерлерінің бірі. Арықтататын дәрілер нарығы өте кең, бірақ олардың барлығы қалаған нәтижеңізге жеткізетініне кепілдік жоқ.
Семіздіктен құтқаратын дәрі жоқ
Жыл басында «арықтаймын» деп БАД (биологиялық белсенді қоспаны) ішіп, жүрегі бірнеше минутқа тоқтап қалған ақтаулық тұрғын туралы біраз жерде жазылды, айтылды. Ол дәрігерлердің көмегімен аман қалған. Жүрегіне дер кезінде ота жасалған. Нәтижесінде науқас клиникалық өлімнен оянған. Содан кейін оған 6 күн қатарынан жансақтау бөлімінде көмек көрсетілген. Жалпы семіздіктен құтқаратын дәрі жоқ. «Сондай ғажап дәрмек бар» деп жарнама жасап жүрген блогерлерге не деуге болады? Сауатсыздықтың, надандықтың, дүниеқоңыздықтың шегі жоқ деген рас-ау. Арықтау деген дұрыс тамақтану мен тұрақты түрдегі қимыл-қозғалыс емес пе?!
Жалпы арықтау белгілі бір уақытты, күшті талап етеді. Көп қозғалғысы келмейтін, жаттығуға уақыт таппайтын кейбір қыз-келіншектерге арықтататын дәрілер салмақ тастаудың ең оңай жолы болып отыр. Бірақ алып жүрген дәрілердің зияны туралы көп ойлана бермейді. Физикалық жаттығусыз арықтау, яғни арықтататын препараттарды қабылдау бүйрек, бауыр, ішек жолдары, асқазан ауруларына әкеледі. Арықтау әсері тез болғанымен, денсаулығыңыз уақыт өте келе сыр бере бастайды. Арықтаймын деп дәрі сатып алу оңай, бірақ денсаулығыңызға әсер етсе, ақшаңызды қайтармайды. Бұл екі есе шығын. Денсаулыққа пайдалы, теріңізге жақсы рең беріп, ағзаңызды дұрыстағыңыз келсе, жаттығумен, фитнеспен айналысыңыз деп кеңес берер едік. Жаттығу жасау үшін міндетті түрде залға барып, фитнеске жазылудың қажеті жоқ, үйде де жаттығу жасап арықтауға болады
Медициналық тұрғыда тез әрі оңай арықтау мүмкін бе? Бұл жауапты ғаламтордан іздесеңіз, жүздеген мақала мен жарнама шығады. Бірі қолдаса, бірі даттайды. Қай ақпаратқа сенеріңізді білмей қаласыз.
«Әдемілікті аңсап, денсаулықтан айырылдым»
– Осыдан бір жыл бұрын танымал блогердің парақшасында арықтататын таблеткалар туралы жарнаманы көріп қалдым. Ол кісі дәрінің көмегімен бір айда 10 келі тастағанын айтып, суреттерімен бөлісті. Бұл дәрі туралы пікірлерді оқып, тапсырыс беріп көрдім. Сыртында «еш уайымсыз арықта» деген жазу болды. Екі апта ішінде 4 келі тастадым. Жайсыздық болмағандықтан, әрі қарай да ішуді жалғастыра бердім. Сөйтіп, бір қаптамасы біткен соң, тағы бір қорабына тапсырыс бердім. Арықтағаныма қуанып жүргенімде, бір шаруаларым болып, дәрі туралы ұмытып кетіппін. 1 апталық дәрінің курсын жіберіп алдым. Нәтижесінде, 5 келі қосып алғанымды аңғардым. Тезірек қолға алайын деп, препаратты қайта қабылдай бастадым. Бір күні ауырсыну пайда болды. Дәрігерге барғанымда, ас қорыту жүйесі бұзылғаны анықталды. Бар болғаны 1,5 айдың ішінде әдемілікті аңсап, денсаулығымды құртып алдым. Маған түсіндіргені бойынша, мұндай дәрілер тәбетті басып, ас қорыту жүйесін жылдамдатады екен. Ал дұрыс қызмет атқарып тұрған ас қорыту жүйесі бұл стрестің кесірінен істен шығады, – дейді салмақ тастайтын дәрінің құрбаны болған Жазира Асқарова (аты өзгертілді).
Расымен мұндай қоспалардың зияны басында білінбейді, уақыт өте сезіледі екен. Жоғарыдағы кейіпкердің сөзі осыған дәлел.
«Салмағымды саналы түрде азайтамын»
– Қазіргі уақытта артық салмақпен күрес ең маңызды проблемалардың біріне айналды. «Арықтағың келсе – аузыңды тый» демекші, қанша өзімізді тыйғанмен, кейде тым көп жейміз. Осының кесірінен «шелектеп» тер төксек те, артық салмақ баяу кетеді. Сол себепті жылдам нәтижеге жету үшін дәріні пайдаланады көбі. Мен оған кеңес бермес едім. Артық салмақ адамды ауру қылады. Дегенмен басты мақсатым – денсаулықты түзеу болды. Дер кезінде шешім қабылдап бастап кеткеніме қуанамын. Бүгінде жиі айтылатын «аз-аздан, үздіксіз» деген қағидамен жұмыс істеп келемін. Ең бастысы тоқтап қалмау қажет. Күнделікті өзіңе, денсаулығыңа, сұлулығыңа көңіл бөлуді әдетке айналдырған жөн, – дейді ол.
Салғырт қарамай, сауатты болған жөн

Ақнұр САҒЫНТАЙ