» » Тұзды қанша тұтыну керек?

Тұзды қанша тұтыну керек?

Күнделікті тамақтану процессінде қанша тұз қолданасыз? Санап көрдіңіз бе? Тұз – ағзаның дұрыс және толассыз қызмет етіп отыруына қажет натрий хлориді. Ол ағзадағы сұйықтықтың тепе-теңдігін, бұлшық еттің жиырылуы мен босаңсуын, жүйке жүйесіндегі импульсті реттеу сияқты маңызды қызмет атқарады. Алайда оны шамадан тыс пайдаланатын болсақ, созылмалы жұқпалы емес аурулардың пайда болу қаупін тудырады екен.

Қазақта «Дәм-тұзың таусылмасын» деген сөз бар. Бұл не үшін айтылады? Тұзды тұтынудың мөлшері бар ма? Пайдасы мен зияны қандай? Толығырақ тарқатсақ.

Неше мың жыл бұрын өмір сүрген ғұн, түркі бабаларымыз тұзды жанынан тастамай ала жүрген. Тіпті Шыңғысханның сардарлары мен сарбаздарының қалтасында тұз жүретіні аңыз болып айтылады. Ендеше тұздың нендей кереметі, қандай пайдасы бар?
Шығыс халықтарында тұзды пайдалану, тұзды тамақ және шай ішу дәстүрі әлі күнге дейін сақталып келеді. Мәселен, Қытай мен Монғолиядағы қандастарымыз шәйді тұзбен ішуді әлі сақтап келе жатыр. Олар тұзды киелі санайды. Тұзсыз тамақ тұтынбайды. Қытай, жапон халықтары су ішіп отырғанда да қасында тұзды салат болады. Олардың соғыс киноларында да тұзды бамбуктің ішіне салып тығып алып жүретіні туралы деректер жиі кездеседі.

Әлгінде айтқан «дәм-тұзың таусылмасын» деп айтылатын бата-тілектің мағынасына үңілсек, дәмнің таусылуы – адамның өмірден өткенін айтса, тұздың таусылуы – адам бойындағы қуатының таусылғанын білдіреді екен.

Тұздың тағы бір емдік қасиеті де бар. Қазір  күн жылынды деп киімді де жұқартып жатырмыз. Бірақ суықтың да ұстайтыны осыбір кез. Айналамыздағы көріп жүрген төрт адамның біреуі – тұмау. Осындайда қарапайым ғана емді кейде көзге ілмейміз. Әрбір үйден табылатын тұздың тұмаудың алдын алуға тигізер пайдасы көп. Ол тек көз бен тілден емес, суықтан да сақтайды. Тамақ пен мұрынды тұзды сумен шаю арқылы микробтар мен бактериялар жойылады. Сол себепті ауырсаңыз дәріханаға жүгірмей, тұзбен достасқаныңыз артық етпейді.
Дей тұра тамақта тұтынатын тұзыңыздың мөлшері тым көп болмауы тиіс. Оның мөлшері көп болса ағзаға айтарлықтай кері әсерін тигізіп, нәтижесінде түрлі ауруға шалдығады. Әлем бойынша әр бесінші адам жүйесіз тамақтанудан қайтыс болады екен. Оған тұзды көп мөлшерде қолдану да жатады. Ал енді тұзды қанша тұтыну керек, соған тоқталайық.

ДДҰ ұсынысы бойынша ересек адамдар күніне 5 грамнан артық тұз пайдаланбауы керек. 5 грамм дегеніміз – бұл 1 шәй қасық. Балалар тамағында тәулігіне тек 2 грамм ғана тұз болуы қажет. Ал соңғы рет 2017 жылы ДДҰ мен Қазақ тағамтану академия¬сы бірлесіп жүргізген зерттеулер бойынша Қазақстанда орташа есеппен әрбір азамат тәулігіне 17,8 грамм тұз пайдаланатыны анықталды. Бұл жоғарыда айтылған шамадан 4 есе көп. Тұзды бұлай артық мөлшерде пайдалану артериялық қан қысымы, жүрек қан  тамырлары, ас қорыту жүйелерінің ауруларына әкелуі мүмкін. Мұндай аурулар кезінде науқастың тамағынан тұз азайтылады.

Тұздың өзін жекелеп жемесек те, жасырын түрде құрамында тұз көп болатын тамақ болады. Олар фабрикаларда дайындалған шұжықта, консервіленген тағамда көп кездеседі. Сондықтан консервіленген тағамды пайдаланғанда ішіндегі суын төгіп, өнімін жуып барып тұтынғанымыз жөн. Сонымен қатар балалар жақсы көретін чипсы сияқты тағамдар құрамында да тұз көп болады. Күнделікті біздің ағзамызға артығымен түсетін тұздың 70 пайызы осы дайын өнімдерден келеді.

Тұздың мөлшерін күнделікті тағамдар құрамынан қалай азайтуға болады? Негізі табиғи өнім құрамында онсыз да тұз болғандықтан, тамаққа тұз қоспай жеуге болады. Бірақ адамдар оған үйренбеген, сондықтан оның орнын түрлі дәмдеуіш арқылы алмастырған жөн. Салатқа да тұздың орнына сірке суы, лимон шырыны, сарымсақ сияқты дәмдеуіштер қосқан абзал. Дүкеннен тұз сатып аларда «йодталған» деген логотипі барын алу керек. Сондай-ақ тұздың орамасын ашқаннан кейін әр пайдаланған сайын бетін жауып қойып отыру қажет, себебі ашық тұрса, бойындағы йод ұшып кетеді де, оның түк пайдасы болмайды. Тұзды беті жабық, әйнек ыдыста күн түспейтін жерде сақтаған жөн.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
07 наурыз 2024 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031