» » Қалампырдың қасиеті

Қалампырдың қасиеті

Бірде редакцияға бір апай келді. Шаруаларын айтып болған соң «Неге біртүрлі сөйлеп отыр деп сөкпеңіздер. Аузыма қалампыр салып шайнап отырмын» деп оның біраз пайдасын айтып берді.  Қазіргі апалардың да көзі ашық. Қолдарында телефон. Бәрін ашып, қарайды, ізденеді. Біз де оқырманға пайдасы тиер деген мақсатпен қалампырдың емдік қасиетімен таныстырғымыз келіп отыр.

Қалампыр кез келген үйдің ас бөлмесінен табылатын дәмдеуіш. Оның жұпар иісі мен күйдіргіш дәмінен бөлек, емдік қасиеті де орасан. Бұл дәмдеуішті ежелден емдік мақсатта бірнеше дертке шипа ретінде қолданылып келеді. Қалампыр А (бета-каротин), С (аскорбин қышқылы), Е (токоферол), К (филлохинон), РР және В тобындағы дәрумендерге бай. Сонымен қатар калий, кальций, марганец, мыс, күкірт, мырыш, натрий, магний, фосфор және темір элементінің қайнар көзі болып табылады. Одан бөлек Омега-3 және Омега-6 майлы қышқылын да кездестіруге болады. Осындай пайдалы әрі бағалы заттарының арқасында қалампыр халық емінде кеңінен қолданыста болатын дәрі.

Қалампырдың емдік қасиеті жоғары. Халықтық емде тұнба, қайнатпа ретінде қолданылады. Тұнба үшін бір қасық қалампырды бір литр қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен жарты сағат өткен соң тұнбаны сүзіп алып, ем ретінде қолдануға болады. Ауыз қуысы ауруларын емдеуге қабілетті. Дәлірек айтсақ, ауыз уылғанда, кариес түскенде, ауыздан жағымсыз иіс шыға бастағанда қалампырдың көмегіне жүгініңіз. Ем үшін 1 тал қалампырды аузыңызға салып, 15 минуттай шайнайсыз. Емді 1-2 рет қайталағаннан кейін оң нәтиже береді. Қан қысымыңыз түсіп кетсе, аузыңызға дереу қалампырды салыңыз. 1-2 дана қалампырмен 10 минуттың ішінде қан қысымын қалпына келтіресіз. Тамағыңыз ауыра бастағанда, ангина кезінде қалампыр тұнбасының көмегіне жүгініңіз. Күніне 2 рет тамағыңызды шайсаңыз, ауруыңыздан тез-ақ жазыласыз.

XIII ғасырдың өзінде қалампырды ауыз қуысының ауырсынуын басуға қолданған. Оған себепші – оның құрамындағы эвгенол заты. Сондықтан күнделікті тіс тазартуға құрамында эвгенолы бар немесе қалампыр сығындысы бар тіс пастасын қолдануға болады. Тісіңіз қатты ауырса, қалампырдан мынадай дәрі жасауға болады: шыны ыдысқа 0,5 шай қасық қалампыр ұнтағын 0,5 шай қасық кокос майымен араластырыңыз. Осы қоспаны тіс щеткамен ауырған тіске салыңыз. Оны күніне 3 рет қолдана аласыз. Сондай-ақ қалампыр майы денедегі жарақат пен іріңді бөртпенің ізін қалдырмай жазады. Майды дайындау үшін 100 мл зәйтүн майы мен 10 грам дәмдеуішті араластырасыз. Оны орташа отқа қойып, қайнауға дейін жеткізіңіз. Дайын болған майды сүзіп алып, шыны ыдысқа құйыңыз. Емдік майды мейлінше тоңазытқышта сақтағаныңыз дұрыс. Буын ауруларын да қалампыр майымен емдеген тиімді. Алдымен майды қыздырып аласыз. Сосын ауырған орынға сіңдіріп жағыңыз. Сыртынан жылы орап, 5-10 минуттай тынығып жату керек. Ал сыздауық шығып, жаныңызға батса, онда теріңізді қалампыр тұнбасымен сүртіңіз. Қант диабетімен ауыратындарға қалампыр тұнбасын ішуге кеңес береміз. Бұл да өз кезегінде дертіңізге дауа болып, саулығыңызды сақтауға көмектеседі. Қалампыр антисептикалық және ауруды сездіртпейтін қасиеттері арқылы салқын тию мен тұмау кезінде тез сауығуыңызға септігін тигізеді.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
07 наурыз 2024 ж. 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031