» » Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?

Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?

Ұят – адамзаттың адамгершілік ар-ожданын, адами болмысын сақтап, көптеген келеңсіз жайттан құтқаратын қасиет. Ұяттың арқасында біз әдепті, мәдениетті өмір сүреміз, жақындарымыздың қас-қабағына қарап, қарым-қатынас орнатамыз. Дегенмен шектен тыс ұялшақтық та бізге зиянды әсерін тигізеді. Мысалы, ұялшақ оқушы біліп тұрған сабағын дұрыс айтып бере алмай, нашар баға алады. Ержеткеннен кейін осы оқушы аңсаған арманына қол жеткізе алмауы мүмкін. Ұялу психологтардың пікірінше, 4–6 жас аралығында пайда болады екен. Осы кезде бала оң-солын танып, жақсы мен жаманды ажырата бастайды. Бұл жаста балалар өте белсенді, әр нәрсені білгісі келіп тұрады. Нәтижесінде өз ойыншықтары былай тұрсын, үйдегі ыдыстарды сындырып, мүліктерді бүлдіріп тастауы жиі кездеседі. Сондай кезде егер ересектер баланы тұқыртып, ұрсып, ұялтып, жазалай берсе, тым ұялшақ, жасқаншақ болып қалады. Бірдеңені бүлдіріп алып, таяқ жеуден қорқатын болады. Әлбетте, ұялшақ болу темпераментке де байланысты. Мысалы, ол меланхоликке тән қасиет. Сондықтан орынсыз ұялшақтықтан қалай арылуға болады? Ең алдымен балалық шағыңыздағы қатты ұялған кездеріңізді (біртіндеп) еске түсіріңіз. Әрине оны еске алу оңай емес, тіпті әлі күнге дейін ұяттан өртеніп кете жаздайсыз. Алайда ондай жағымсыз жайттан арылатын кез келді, сол себепті «шешінген судан тайынбайды». Мәселен, сіз 6 жастағы сәбисіз, дүкеннен ойыншық алғыңыз келді. Бірақ ата-анаңыз ақша бермей қойды. Сіз көп ойланбастан анаңыздың қалтасынан рұқсатсыз ақша алдыңыз. Оны біліп қойып, ата-анаңыз жер-жебіріңізге жетіп, қатты ұрысты, тіпті шапалақпен тартып та жіберді. Сөйтіп ұрлықтың жаман қасиет екені мәңгілікке жадыңызда қалды, сіз үшін өте ащы сабақ болды. Осы жаныңызды жеген ауыр жағдайдан арылудың бірнеше жолын қарастырайық. 1. Сіз осы оқиғаны қайтадан жаңғыртыңыз: өзіңіз – ата-ана рөлінде, кішкентай бала – сіздің балаңыз. Оқиғаның немен біткенін қалар едіңіз? 2. Немесе дәл сол оқиғаны өзіңізге жағымды түрде аяқтаңыз. Анаңыздың қалтасынан ақша алдыңыз, ата-анаңыз біліп қойды да, сізді отырғызып қойып, ұрлық жасаудың жаман қылық екенін түсіндірді. Дүкенге ертіп барып, көздеген ойыншығыңызды алып берді. Демек, жағымсыз жайт болған жоқ. 3. Сол балалық қылығыңыз үшін ата-анаңыздан қазір кешірім сұраңыз. Ата-анаңыз бұл оқиғаны әлдеқашан ұмытып та қалған болар. Бірақ олардың кешіргені сіз үшін маңызды. Сондықтан бар батылдығыңызды бойыңызға жинап, ата-анаңызбен сөйлесіңіз.
23 мамыр 2018 ж. 1 775 1

JeaCold от 26 ақпан 2019 13:11
Kamagra Oral Jelly Review Forum Viagra Generico Farmacias Espanolas cheap levitra online Zentel Real Viagra Dealers Inside The Us Cialis Carrefour

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031