» » Ғарыштан келген қонақтар

Ғарыштан келген қонақтар

74 жастағы математик әрі астробиолог Чандра Викрамасингх бастаған Шеффилд Университетінің ғалымдары жыл сайынғы дәстүр бойынша Честер атты британдық қаланың аспанына арнайы жасалған бұрғыны жіберді. Құрал атмосфераның жоғары қабатына, тіпті ғарыш шекарасына дейін жететін көрінеді. Әуе шарының бортында арнайы құрылғылардың көмегімен 27 шақырым биіктікке зерттеу жүргізуге болатын залалсыздандырылған әйнек зат (мәселен, бұлар микроскоп астындағы препараттарды зерттеу үшін қолданылып жүр) болған екен. Шар жерге оралғанда ғалымдар осы әйнектен өзгепланеталық өмірдің формасы болып табылатын ұсақ балдырларды ұшырастырған. Балдырдың әкелінген ортасы – стратосфера қабаты. Балдырларға жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі осы жылдың тамыз айында АҚШ-та Сан-Диегодағы астробиологтардың конференциясында жарияланды. Профессор Викрамасингх стратосфера қабатында бұрын-соңды мұндай биологиялық объектілердің кездеспегендігін басып айтты. Конференцияда ағзаның ғарыштық емес, біздің планетаның ағзасы деген тұжырымдар да айтылды. Бір топ ғалым бұл пайымдауды жоққа шығарды. Олар табылған балдырдың жер бетіндегі балдырлармен мүлде ұқсаспайтынын, салмағының, көлемінің сәйкес келмейтіндігін, одан басқа, биологиялық объектінің осыншама биіктікке тек қана жанартау атқылаған кезде ғана жете алатындығын мәлімдеді. Бұл уақытта ешбір жанартау атқылау үдерісі тіркелмеген. Нақты тұжырымдардың жоқ болғандығымен, Чандра Викрмасингх "бұл феноменның "Жерге тән" түсініктемесі жоқ болса, ұсақ тірі ағзалар ғарыштың тумасы" дегеннен таймай отыр.
21 мамыр 2018 ж. 921 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031