» » Дәрігер бақытты болудың 4 ережесін ұсынды

Дәрігер бақытты болудың 4 ережесін ұсынды

Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында бақытты болудың маңызды ережелерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер Ұлжалғас Сманованың айтуынша, бақытты өмір сүру үшін деніңіз сау болу керек. Ал ол үшін мына ережелерді сақтау маңызды:

1-ереже: өзіңді құрметтеу

Тәніңіз – сый-құрметке әбден лайық! Сол үшін мына нәрселерге мән беріңіз:

Қажетті нутриенттер қабылдаңыз;
Пайдалы, сапалы тағам жеңіз;
Ұйқыңызды қандырыңыз (22:00-де жатып, таңертең 6:00-7:00-де тұрыңыз);
Спортпен айналысу маңызды.
2-ереже: өзіңе күтім жасау

Көбі тәнді энергияның таусылмас көзі деп ойлайды. Егер ағзаға күтім жасамаса, ресурс қартаймай жатып таусылып қалуы мүмкін.

Міндетті түрде мына нәрселерді жасаңыз:

Жылына бір рет медициналық тексерістен өтіп тұру;
Ақыл-ой, ми саулығы үшін өзіңізге демалыс беру;
Дәрумендер жетіспеушілігін болдырмас үшін нутрицевтиктер қабылдау;
Ауырғанда шыдап жата бермей дәрігерге көріну.
3-ереже: өзіңді жақсы көру

Әртүрлі аурудан қиналмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасаңыз;
Ағзаға түсетін әрбір асты саналы түрде таңдаңыз;
Депрессиядан, жүрек-қан тамырлы және аутоиммунды аурулардан қорғану үшін өзіңізді күтіңіз;
Ағзаның қажеттілігін тани алуыңыз керек.
4-ереже: өзіңе қымбат дүние ретінде қарау

Денсаулықты сақтаңыз:

Темекі шегіп, арақ ішпеңіз;
Өнімді таңдар кезде қаптамасын мұқият оқып барып сатып алыңыз;
Ыдыс пен тұрмыстық құралдар сапалы болсын;
Фастфуд және құрамында трансмайлар бар тағамнан бас тартыңыз.

07 қаңтар 2024 ж. 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930