» » Әшекейлерге қалай дұрыс күтім жасау керек?

Әшекейлерге қалай дұрыс күтім жасау керек?

Әшекейлерге қалай дұрыс күтім жасау керек?

Көпшілік әйел әшекейлерді ерекше жақсы көреді. Әшекейлер киім үлгісін толықтыруға көмектеседі және олар арқылы өзіндік стилін қалыптастыруға болады. Сондай-ақ, әйелдер үшін кей әшекейлердің орны бөлек: олармен қандай да бір маңызды оқиға байланысты болуы мүмкін. Әшекейлерге күтім жасауға арналған 5 әмбебап ұсыныспен бөлісеміз.

Әшекейлерді сүртіп тұрыңыз
Уақыт өте кез келген металл қараяды. Сондықтан жүйелі түрде әшекейлерді құрғақ фланель, күдері немесе шұғадан тігілген шүберекпен сүртіп тұру керек.

Физикалық жүктеме кезінде әшекейді шешіп тастаңыз
Кез келген қатты механикалық әсерден әшекейдің металл бөлігі сырылып қалуы немесе өзгеріске ұшырауы мүмкін. Ал тастарда жырықтар пайда болады. Сондықтан жаттығу немесе басқа да физикалық белсенділіктің алдында әшекейлерді шешуді ұмытпаңыз. Сондай-ақ, әшекеймен бірге температурасы жоғары жерлерге, мысалы, моншаға кіруге болмайды.

Әшекейді тұрмыстық химиямен және косметикамен байланыстырмаңыз
Егер әшекейлер косметикалық және тұрмыстық жуушы құралдармен байланысса, оларда дақтар пайда болуы, түсінің өзгеруі және металл бетінің зақымдалуы мүмкін. Мұндай салдар тональді крем, күнге күюге арналған лосьон, әтір және басқа да косметикалық құралдармен ұзақ уақыт әсерлескенде де орын алуы мүмкін.

Інжуі және табиғи тастары бар әшекейлерге дұрыс күтім жасаңыз
Інжуі және табиғи тастары бар әшекейлердің түсін және жалтырын сақтау үшін оларды күннің көзі тіке түспейтін жерде сақтау керек. Сондай-ақ, олар йодталған теңіз суын жақсы көрмейді: жағажайға барарда оларды үйде қалдырыңыз. Егер шешуге ұмытып кеткен болсаңыз, суға түсіп болған соң әшекейлерді тұщы суға шайып жіберіп, құрғатып сүртіңіз.

Әшекейлерді қаптамада сақтаңыз
Әшекейлерді арнайы қорапшада сақтаған жөн. Әшекейлер салатын арнайы сандықтың ішінде сақина және сырға салатын қалталары болады. Ал алқаларды іліп қойған дұрыс.

21 сәуір 2022 ж. 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031