» » Балаға қандай дәрумен керек?

Балаға қандай дәрумен керек?

Балаға қандай дәрумен және қаншалықты ұзақ беру – ата-ананы жиі мазалайтын сұрақтың бірі. Жас ата-ана баланы дәрумен жетіспеушілігінен және тұмаудан қорғау үшін дәрумен беру керек деп ойлайды. Балаға қандай дәрумен қажет және барлық балаға бірдей полидәруменді препараттар беру керек пе?


Дәрумендер – тағамдағы химиялық қосылыс. Олардың өсуге, дамуға, зат алмасуға және энергияға өмірлік маңызы бар. Олар өте аз мөлшерде қажет болғандықтан миллиграммен (мг) немесе микрограммен (мкг) өлшенеді. Дәрумендер екі топқа бөлінеді: майда еритін және суда еритін дәрумендер.

Майда еритін дәрумендерге А, Е, D және К дәрумендері жатады. К дәрумені ішектерде бактериялармен бірге синтезделеді. D дәрумені теріде ультракүлгін сәуле әсерінен түзіледі. А мен Е дәрумені тамақпен бірге келеді. А, Е, D дәрумендері бауырда және майлы тінде қорға жиналады, сондықтан олардың артық мөлшері синтетикалық дәрумендер түрінде ұзақ немесе дұрыс емес қолдану кезінде улы болуы мүмкін. Бала дұрыс тамақтанса, дәрумендер жетіспеушілігі орын алмайды.

Суда еритін дәрумендерге С дәрумендері мен В тобының дәрумендері жатады. Суда еритін дәрумендер (В12 дәруменінен басқа) ағзада қорға жиналмайды, олар күнде тамақпен бірге келу керек. Егер бұл дәрумендер артық болса, олар сіңбейді, пайдасын тигізбейді, жай зәрмен бірге шығып кетеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары бойынша балалар дәрумендер мен микроэлементтерді табиғи жолмен азық-түліктер арқылы алу керек. Жақсы тәбетпен қамтамасыз ететін белсенді өмір салтында бала тағамдық топтардың барлық өнімдерін жесе, ол қосымша синтетикалық дәрумендерді қажет етпейді. Бала алуы қажет азық-түлік топтары:
  • дәнді дақылдар (жарма, макарон, нан);
  • көкөністер;
  • жемістер:
  • сүтті тағамдар;
  • майлар;
  • жануар және өсімдік текітілердің ақуыз көзі (ет, балық, бұршақтылар).
Фаст-фудта ешқандай дәрумен жоқ. Бала тамағын таблеткамен ауыстыру арқылы бала ағзасын маңызды нәрседен айыруыңыз мүмкін.
Дәруменнің ағзаға сіңуіне көптеген факторлар әсер етеді: жасы мен жынысы, бойы мен салмағы, физикалық белсенділік, тұқым қуалаушылық, өмір сүру салты, зат алмасу ерекшелігі, асқазан-ішектер жолының жағдайы, өткерген аурулары және т.б. Сондықтан балаға қандай дәрумен жетіспейтіндігін, ағзаға сіңу үшін әртүрлі дәрумендер бір-біріне кедергі келтірмес үшін қажетті мөлшерде дәруменді препаратты тек дәрігер жазып бере алады.
Бұрын біраз уақытқа жүзу сапарына кеткен кемешілер балғын көкөніс пен жеміс жемегендіктен діңгене (цинга) ауруына шалдығатын болған. Бұл классикалық авитаминоз қазір өркениетті елдерде кездеспейді, алайда тамақпен бірге аз дәрумен келсе немесе дәрумен ағзаға дұрыс сіңбесе, дәрумен жетіспеушілігі орын алуы мүмкін. С дәрумені коллагенді синтездеуге қажет, өсімдіктен жасалған тамақтан темірдің сіңуін жақсартады, антиоксидант болып табылады және ағзаның қорғаныс реакциясына әсер етеді.
С дәруменінің жеткілікті мөлшері мына өнімдерде болады:
  • 1 үлкен апельсин;
  • 1 болгар бұрышы;
  • 2-3 жас картоп;
  • 200 г кез келген қырыққабат.
Тамақтағы дәрумендерді қалай сақтауға болады?
  • Суда еритін дәрумендер жарық әсерінен, ұзақ сақтағанда, термиялық өңдегенде (25-тен 100 %-ға дейін дәрумендер жоғалады) және қайта-қайта қатырып-еріткеннен бұзылады;
  • Жылыжайға қарағанда ашық топырақта өсірілген көкөністердің дәрумендері әлдеқайда көбірек болады;
  • Дүкеннен әкелген тамақты қаншалықты жылдам пісіріп жесеңіз, соншалықты жақсы. Сондықтан дүкеннен азық-түлікті күнделіктісін күнде сатып әкелген жөн;
  • Көкөністер мен жемістерді тек жердің алдында тураңыз;
  • Көкөністер мен жармаларды суға салып қоймаңыз;
  • Көкөністерді ұзақ қайнатқаннан және пісіргеннен гөрі аз қуырған жақсы;
  • Міндетті түрде түрлі түсті шикі көкөністер мен жемістер жеңіз.
Егер балаңыздың тәбеті жақсы болса және күнде көкөніс пен жеміс-жидек жесе, оған қосымша дәруменді препарат берудің қажеті жоқ. Егер дәрумен бала ағзасына дұрыс сіңбеуі мүмкін деп ойлап, күмәндансаңыз, алдымен дәрігерге көрсетіп, тексерістен өтіңіз. Ал егер балаңыздың тәбеті нашар болса немесе көкөністер мен жемістер жемесе, бірден қосымша дәруменді препарат бермей, алдымен тәбет ашудың жолдарын іздеңіз. Ол туралы да дәрігерден кеңес алсаңыз болады. Себебі балаға тамақпен келген дәрумен аса қажет екенін ұмытпаңыз.
Дереккөз: Massaget.kz
26 шілде 2020 ж. 1 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031