» » Тырнақты тез өсіру жолдары

Тырнақты тез өсіру жолдары

Тырнаққа дұрыс күтім жасай білу де маңызды істердің бірі екенін білеміз. Тырнақ жағдайы денсаулыққа тікелей қатыстысты. Кей кездері тырнағымыз сынып, қабаттанып, өспей қояды. Ендеше, бүгінгі материалдан тырнақты тез өсірудің әдістерін білетін боласыздар. Дәрумендер қосыңыз Шаш пен тырнақ әдемі болуының басты шарты — жеткілікті мөлшерде дәрумендермен үйлестірілген тағаммен қоректену. Ағзаға пайдалы заттардың жетіспеуі тырнақтың сынғыштығына, қабаттануына және басқа да жағымсыз әсерлерге әкеледі. Тамақтану мәзіріңіз мына дәрумендерге бай тағамдар болуын қадағалаңыз: – А дәрумені — тырнақты қалай жылдам өсіруге болады деген сұрақтың негізгі жауабы. Бұл өсіруші дәрумен сәбіздің, асқабақтың және болгар бұрышының құрамында болады; – В дәрумені тырнақты бекітуге, қатайтуға көмектеседі. Егер ағзаға В дәрумені жетіспесе, тырнағыңызда ақ жолақтар пайда болады. Бұл дәрумен алманың, орамжапырақтың және басқа да жасыл көкөністердің құрамында бар; – С дәрумені тырнақтың әдемі түсіне және оның тегістігіне жауап береді. Мәзіріңізге цитрус жемістерін және жидектерді қосыңыз; – Е дәрумені жетіспесе, тырнағыңыз құрғақ әрі күңгірт болып кетеді. Ол жаңғақтардың, өсімдік майларының құрамында болады; – D дәрумені беріктікке және кальцийді қалыпты сіңіруге жауап береді. Бұл дәруменді күн сәулесінен ала аласыз. Күтім Қолыңызға уақытылы күтіммен қараңыз. Маникюр жасаңыз және тырнақтың көтерілген етін алыңыз. Күніне екі рет тырнаққа және қолға арналған кремдер жағыңыз. Тағы бір маңызды шарт — тырнақ егеуішін дұрыс таңдау. Оның тырнаққа зиян келтірмейтін, тырнақ құрылымын өзгертпей пішін беретін түрін алу керек. Металл егеуішке қарағанда жұмсақ пластикалық немесе пластикалы-қағазды түрлерін алған жөн. Парафинотерапия Тырнақты жылдам өсіруге арналған тиімді процедураға салонда және үй жағдайында жасалатын парафинотерапия процедурасы жатады. Үйде бұл процедураны парафин маскасымен жасаған жеңілірек болады. Бұл процедура кезінде қан айналым жақсарып, соның себебінен тырнаққа оттек құйылуын қамтамасыз етеді.  Тырнақ өсіруге арналған ванна Тырнақ өсіруге арналған ванна жасап тұру керек. Мысалы: теңіз тұзы ваннасы. Ол үшін сізге бөлме температурасындағы 2 стақан су, 15 грамм теңіз тұзы және бірнеше тамшы йод қажет. Осылардан ерітінді дайындап, оған саусақ ұшын батырып, 10-15 минут шамасында ұстаңыз. Содан соң қолыңызды жылы сумен жуып, оған қоректендіруші крем жағып қойыңыз. Бұл процедураны аптасына екі рет қайталасаңыз болады. Арнайы құралдар Тырнақты өсіруге және бекітуге арналған түрлі құралдар туралы да ұмытпаңыз. Мұндай құралдарды кез келген косметикалық дүкендерден табасыз. Оған тек лактар мен сарысулар (сыворотка) жатпайды, сонымен қоса арнайы емдейтін қолғаптар мен қалпақшалар да болады.

07 шілде 2018 ж. 3 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031