» » Компьютеріңізді вирустардан қорғайтын тегін антивирус түрлері

Компьютеріңізді вирустардан қорғайтын тегін антивирус түрлері

Компьютеріңізді вирустардан қорғайтын тегін антивирус түрлері
Жеке компьютеріңіз бен ноутбугыңызды қауіпті вирустардан қорғауға арналған тегін антивирус түрлері жетерлік. Интернеттен керегін таңдаңыз да, жүктеп алып орнатсаңыз болғаны. Қымбат антивирус үшін қомақты қаржы шығындаудың қажеті шамалы. Неге?
Тегін антивирустар да компьютеріңізді немесе ноутбугыңызды зиянды вирустардан қорғай алады. Тазартқанда да көп кемшілігі жоқ. Баяу жұмыс жасайтыны рас. Лицензиялық антивирустарды компания компьютерлері үшін алмасаңыз, жеке өзіңіз үшін алудың көп керегі жоқ.
Әрине, ақшаңыз жетіп тұрса, лицензиялық антивирус алғаныңыз жөн-ақ. Себебі компьютеріңізде аса құнды дүниелерді сақтайтын болсаңыз, сақтанып сақ болған дұрыс. Ал қарапайым қолданушы үшін қалтасын қақпайтын жол іздеген абзал-ақ. Олай болса интернетте жүктеп алуға болатын тегін антивирус түрлерімен таныстыра отырайық.
1. Avast Free Antivirus
Тегін бұл антивирусты 400 миллионға жуық адам қолданады екен. Қолданушы үшін ыңғайлы әрі түсінікті етіп жасалған. Ойын режимін қоссаңыз, арнайы хабарламаларымен мазалай бермейді. Руткит пен фишингтен сәтті қорғайды. Тек бір кемшілігі, уақыт өте келе ақылы түрін ұсынумен мазаңызды қашыруы мүмкін.
Антивирусты мына сілтемеден жүктеп алуға болады.
2. AVG AntiVirus Free
Бұл – қарапайым интерфейсті тегін антивирус түрі. Басқару беті арқылы компьютерге тазарту жүргізіп, түрлі вирустар мен қателіктерді жоюға болады. Тек фишингтен (интернетте қолданушының логині мен кілт сөзін бұзып, қауіпті немесе жарнама сілтемелерін тарату, алаяқтықтың бір түрі) қорғауға әлсіз.
Антивирусты мына сілтемеден жүктеп алуға болады.
3. Avira Free Security Suite
Ең танымал тегін антивирустардың бірі. Өткен жылғы SE Labs лабороториясы зерттеуі бойынша жоғары бағаға ие болған. Фишинг шабуылдардан жақсы қорғайды. Кемшілігі – интерфейсі ыңғайсыз жасалған.
Антивирусты мына сілтемеден жүктеп алуға болады.
4. Bitdefender Antivirus Free Edition
Танымал Bitdefender антивирусының тегін нұсқасы. AV-Comparatives таңдауы бойынша 2017 жылдың үздік өнімі марапатын алған. Компьютерді қауіпті вирустар мен фишингтен қорғайды. Интерфейсі қарапайым, әрі түсінікті.  Ақылы түріне қарағанда кей мүмкіндіктері шектелген.
Антивирусты мына сілтемеден жүктеп алуға болады.
5. Comodo Internet Security
Танымал тегін антивирустардың бірі. Ойын режимін қоссаңыз, арнайы хабарламаларымен мазалай бермейді. Бұл антивирустың мүмкіндіктері жоғары, әмбебап. Ақылы нұсқасынан жай жұмыс жасағаны болмаса...
Антивирусты мына сілтемеден жүктеп алуға болады.
6. Kaspersky Free
Бұл антивирустың атауын бір рет болсын естіген боларсыз. Қазақстандағы танымал ресейлік антивирус түрі. Көптеген рейтингтерде бағасы жоғары тұрған өнімдердің бірі. Антивирустың сканері мықты. Фишингтен қорғануға таптырмас өнім. Тек ақылы түріне қарағанда баяу жұмыс жасайды.
Антивирусты мына сілтемеден жүктеп алуға болады.
7. Panda Free Antivirus
Компьютеріңіз немесе ноутбугыңызды қорғауға көмектесетін тегін антивирустардың бірі. Мұнда да ойын режимі бар. Тегін болғандықтан, бұл антивирус та баяу жұмыс жасайды.
Антивирусты мына сілтемеден жүктеп алуға болады.
8. Windows қорғаушысы
Windows 10 операциялық жүйесінде Microsoft Security Essentials стандартты антивирусы бар. Өзге антивирустарды орнатпай-ақ осыны қолдана берсеңіз болады. Ескілеу Windows операциялық жүйелерінде болмауы мүмкін. Онда жеке жүктеп алуға болады.
Бұл антивирус түрі де компьютеріңізді айтарлықтай қорғай алады. Операциялық жүйеңізге салмақ түсірмейді. Кемшілігі – мүмкіндігі аса көп емес. Microsoft компаниясының өнімі қажетсіз бағдарламалар, фишинг пен троян бағдарламаларынан қорғай алады.
Ал сіз қай антивирус түрін қолданасыз? Өзге тағы тегін антивирус түрлерін білетін болсаңыздар, пікір алаңына өз нұсқаларыңызды жаза отырыңыздар.
massaget.kz
14 мамыр 2018 ж. 4 011 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031