Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Қазақстанның бас онкологы етті аз жеуге кеңес берді

Қазақстанның бас онкологы етті аз жеуге кеңес берді

Еліміздің бас онкологы етті аз жеу керектігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.Сенатта өткен парламеттік тыңдауда мамандар адам денсаулығына қатысты тағы бір ушығып тұрған жағдайды айтты. Елімізде қатерлі ісікке шалдыққандар саны артқан. Жылына 36 мың науқасқа рак деген диагноз қойылады да, оның 15 мыңы қайтыс болады екен.
Еліміздің бас онкологы тұрғындарға жаман аурудың алдын алуға бірқатар кеңес берді.
«Адамдар қызыл еттен бас тартса, ішек рагы азаяды. Еліміз әйелдер мен ерлер арасындағы ішек рагы бойынша бесінші орыннан үшінші орынға шықты. Ал тұзды тұтынуды азайтсаңыздар, асқазандағы қатерлі ісіктен құтыламыз. Бауыр рагын болдырмау үшін вакцинамен гепатит Б-ның алдын алу керек. Әйелдер арасында сүт безі обыры көп тараған. Ерлер көбіне өкпе, асқазан рагіне шалдығады. Ең өкініштісі, жаман дертке душар болғандардың басым бөлігі жастар мен орта жастағы азаматтар. Қатерлі ісіктен көз жұмғандар, әсіресе, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Солтүстiк және Шығыс Қазақстан облыстарында көп. Ал бұл аурумен күресетін онкологтар жетіспейді», - дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова.

07 мамыр 2018 ж. 1 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031