» » Компьютердің пайдасы мен зияны

Компьютердің пайдасы мен зияны

Фото: ашық дереккөзден
Қазіргі заманда компьютер адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл құрылғы – әрбір үйде бар. Бұрын компьютерлер жұмыс істеу үшін қажет болатын, ал қазір оларды өмірдің барлық салаларында қолданады. Компьютердің айқын артықшылықтарына қарамастан, оның адам денсаулығына теріс әсері туралы белгілі. Егер қолдану кезінде негізгі ережелерді сақтасаңыз, зияны аз болады.

Компьютердің адам ағзасына зияны.
Компьютерлердің адам ағзасына кері әсері: құрылғыдан шығарылған сәуле денсаулыққа зиянды; шамадан тыс қолдану, адамның көру қабілетінің бұзылуына әкеліп соғады (катаракта басталуы мүмкін); ұйқысыздық және бас ауыруы пайда болады; егер адам компьютердің алдында ұзақ уақыт отырса, онда жасөспірімдерде сколиоз, ал ересектерде остеохондроз ауруы болуы мүмкін; жасөспірімдерге ұзақ уақыт бойы ойын ойнау, өте қауіпті; иммунитет төмендейді.
Балалар бақыланбайтын болса, интернеттен психикасын бұзатын көптеген ақпараттарға тап болады. Бұл әртүрлі эмоциялық ауытқуларды тудыруы әбден мүмкін.

Компьютерлердің артықшылықтары:
арнайы бағдарламалар арқылы жұмыс процесін барынша оңтайландыру (бұл еңбек өнімділігінің артуына әкеледі); бұл құрылғы құнды файлдардың сенімді сақталуын қамтамасыз етеді; пайдаланушыға қажетті ақпаратты жылдам табуға мүмкіндік беру; интернетте сақталатын үлкен ақпараттың арқасында, адамның білімін арттырады; алыс жердегі достарымен хат алмасу және бейне байланыс арқылы (кез келген уақытта) қарым-қатынас жасау мүмкіндігі.

Қалай қолдану керек
*жоғары сапалы мониторды пайдалануға кеңес беріледі. Бұл зиянды сәулелерді азайтады және көзге жақсы әсер етеді;
*ыңғайлы орындықта отырған дұрыс, ол арқаның бұлшықеттеріне түскен жүктемені кемітеді;
*кейде жаңа монитор орнатқаннан кейін, көздің қысымы және бастын ауырсынуы пайда болады. Бұндай жағдайда монитордың параметрлерін өзгерту қажет;
*компьютермен жұмыс істегенде, монитор көзден 70 см қашықтықта болуы керек, сонымен қатар арқа түзу, ал аяқтар еденде ыңғайлы түрде орнығуы қажет;
*егер сіз ұзақ уақыт бойы компьютердің алдында отырсаңыз, денсаулыққа зиян тиуі мүмкін. Әр сағат сайын үзіліс жасаңыз;
*күнделікті серуендер туралы ұмытпаңыз, олар тек пайда әкеледі;
*балаларды монитордын алдында күніне кемінде бір сағатқа ғана отырғызыңыз. Өйткені, компьютерден шығатын сәулелер олардың денсаулығына пайдалы емес.
18 сәуір 2023 ж. 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031