» » Судың адам ағзасына әсері

Судың адам ағзасына әсері

Фото: ашық дереккөзден

qarmaqshy-tany.kz Адам ағзасы 65% судан тұрады. Судың адам денсаулығына тигізетін пайдасы мен маңызы өте үлкен. Күніне 2 литр су ішу керек деген кеңестерді жиі естиміз, бірақ оның зиянды әсері де бар. Ол қандай?

Әуелі судың пайдасына тоқталайық, суды жеткілікті мөлшерде пайдаланған жағдайда, ағзадан тұздар мен токсиндер шығарылады. Сондықтан, жұқпалы аурулар мен улану кезінде көбірек ауыз суын ішу ұсынылады. Терінің сұлулығын сақтап қалу үшін үнемі таза су ішіңіз. Өйткені, сусыз тері құрғап, серпінділігін жоғалтып, әжімдердің пайда болуына әкеліп соғады. Асқазанның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етеді. Сусыз ішек баяу жұмыс істейді, сол себептен адамның іші жиі ауырып, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Оны дұрыс мөлшерде тұтыну, жүрек ауруларының даму қаупін 41%-ға төмендетеді. Адамның иммундық жүйесіне пайдасы үлкен. Суды аз ішетін адамдар әртүрлі ауруларға бейім болады. Тамақтану алдында 5-10 минут бұрын су ішсеңіз, сіздің тәбетіңіз жоғалады. Бұл арықтауға көмектеседі. Ағзада судың аз болуы, бастың ауруына да әсер етеді. Екі стақан сұйықтықты ішсеңіз, бастың ауруы басылады.

Енді судың зиянына келейік. Ағзада судың мөлшері тым көп болса, ол жүрек және бүйрекке жүктемені екі есе арттырады. Аз мөлшерде су ішкен жағдайда, бастың ауыруы, әлсіздік және зәр шығару кезінде қиындықтар туады. Тым ыстық қылып ішу, асқазанда ойық жара немесе панкреатиттің басталуына әкелуі мүмкін. Суық суды ішу зиянды, өйткені ол асқазан мен ішкі құрылысты салқындатып, біраз уақыттан кейін ауруға әкелуі мүмкін. Ауа райы ыстық болғанның өзінде, жылы сұйықтық ішуге кеңес беріледі. «Адам қанша литр су ішу керек?» дегенде күніне 2 литр су ішу керек дегенді ұмытыңыз. Адамның салмағына, физикалық белсенділігіне және өмір сүру салтына қарай, әр адамның нормасы әртүрлі болады. Мысалға, салмағы 50 келі болатын кісіге 1,5 литр ішу қажет. Яғни, 1 келіге 30 мл-ден ұйқыдан оянғаннан кейін бір стақан ішкен дұрыс. Содан соң тамақ ішер алдында 20-30 минут бұрын немесе тамақтанғаннан кейін 3 сағаттан кейін суды ішуге кеңес беріледі. Денсаулықты жақсарту үшін шай, кофе, сүт, айран емес, тек қана таза суды пайдалану керек. Шөлдесеңіз, шыдап тұрудың қажеті жоқ, бірден су ішіңіз.

Еркінай БИСЕМБАЕВА,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК
Қызылорда облысы бойынша филиалы
Қармақшы аудандық бөлімшесінің санитарлық
гигиеналық зерттеулер зертханасының зертханашысы
17 сәуір 2023 ж. 667 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031