» » Соғыс кезіндегі тағамдар

Соғыс кезіндегі тағамдар

Соғыс кезіндегі тағамдар
Соғыс жылдарындағы тағам – сол қорқынышты уақытқа тән дәм. Біз сол атмосфераның шамалы бөлігін сездіре отырып, "дәмін татқызуды" жөн көрдік. Соғыс ардагерлері мен соғыс балаларының әңгімелеуі бойынша естелік астың, тарих дәмінің құрамын анықтадық.
Ұлы Отан соғысы туралы соғысқа қатысқандардың өзінен сұрап білу қазір қиындап барады. Ал біздің ұрпағымыз тек кітапта жазылған деректермен ғана таныспақ, сол уақыттағы сарғайған фотокарточкалардан ғана соғыстың жайын білмек.
Соғыс ардагерлерінің естеліктері бойынша бұл тағамдар заманауи ас үйде дайындалған. Ыдыс-аяқ сылдырына жарылған снаряд пен оқ суылы қосылмаған. 
Кулеш
Бұл сорпа Украина және Белорусь халықтарына тән, дегенмен соғыс уақытында барлығы үшін әзірленген. Негізі сұйық бидай ботқасы, оған кез келген қолжетімді ингредиенттер қосылатын болған: картоп, асбұршақ. Біз кулештің қуырылған пияз бен ет қосылған мерекелік түрін ұсынамыз. Ол үшін:
Картоп — 1 дана;
Асбұршақ — 50 грамм;
Бидай  — 100 грамм;
Пияз — 1 дана;
Ет — 50 грамм;
Су — 1,5 л.
Даярлау әдісі:
Қазанға жуылған бидайды, асбұршақты саламыз және текше тәрізді туралған картопты саламыз. Су құямыз да қайнатамыз. Баяу отта 30 минуттай уақытта қайнату қажет. Етті ұсақтап турап, салқын табаға саламыз және қызуы орташа отқа қоямыз. Ұсақ туралған пиязды қосып, алтын түстес болғанша қуырамыз. Сорпаға тұз, дәмдеуіштер және табадағы қуырылған пияз бен етті қосамыз.
Картоп бауырсағы
Негізгі құрамы бойынша картоп қабығын тазалап, аздап тұздап, табада қуыратын болған. Тіпті мұны 9 мамыр мерекесіне орай жайылған дастарханға ұсынуға әбден болады.
Құрамы:
Картоп — 5 дана;
Ұн — 1 ас қасық;
Өсімдік майы — 4 ас қасық;
Тұз, бұрыш өз қалауыңызша.
Даярлау әдісі:
Картопты қайнатып, оның суығанын күтеміз. Картопты қабығынан тазартып, ұсақ үккіштен өткіземіз. Ұн, тұз, бұрыш қосып араластырып, шамамен диаметрі 5 см қалыпқа келтіреміз. Майды қыздырып 3-4 минуттан екі жағын аударып қуырамыз.
Қарақұмық ботқасы қосылған бәліш
Соғыста жүргендер үшін тылда жұмыс істейтін ауыл тұрғындары қолдан келгеннің бәрін де жасаған. Ал, мереке күндері дастарханға қарақұмық ботқасы қосылған бәліш қойылған, бұл бәліш күні бүгінге дейін кейбір аймақта әзірленетін көрінеді.
Құрамыі:
Ұн — 400 грамм;
Ашытқы — 10 грамм;
Су — 150 мл;
Өсімдік майы — 3 ас қасық;
Қайнатылған қарақұмық — 200 грамм;
Пияз — 1 дана;
Саңырауқұлақ — 300 грамм;
Тұз — өз қалауыңызша;
Жұмыртқа — 1 дана.
Даярлау әдісі:
Ашытқыны жылы суда ерітіп, 10 минут қойып қою керек. Өсімдік майын құйып, тұз саламыз. Ұнды араластыра отырып, қамыр илейміз. 10 минут көлемінде илеп, жамылғымен орап, жылы жерге 30 минутқа қалдырамыз. 30 минуттан кейін қамырды тағы да бір илеп, қайтадан 30 минутқа жылы жерге қалдырамыз. Ішіндегі салмасын дайындау үшін пияз бен саңырауқұлақты қуырамыз, қайнатылған қарақұмықпен араластырамыз да тұз қосамыз. Қамырдың үштен екі бөлігін кесіп алып, қалыңдығы 1 см етіп дөңгелекше етіп жаямыз. Оған салманы салып, пергаментке қоямыз. Салманы салғанда, шетінен 3 см қалдыруды ұмытпау керек.
Бәліштің бетіне жұмыртқа сарысын жағып, 15 минутқа 200 градус температурада отқа қоямыз. Температураны 170 градусқа азайтып, тағы  5 минутқа қалдырамыз. Сонымен қатар салма ретінде табада қуырылған фаршты  қосуға болады.
Орман жидектері қосылған дәмді шәй
Бұл шәйдің құрамы  "Нағыз адам" туралы повестінен тікелей сілтеме ретінде алынған. Естеріңізде болса, ұшқыш Мересьев орманда консерві банкасын тауып алып, түрлі жидектермен, емдік шөптермен шәй қайнататын еді ғой?
Құрамы:
Жөке гүлі — 1 шай қасығы;
Киікоты  — 1 шай қасығы;
Итбүлдірген, қызыл жидек — 1 шай қасығы.
Даярлау әдісі:
Барлық ингредиенттерді бір ыдысқа салып, қайнаған су құйып, 3-5 минутқа қалдырамыз.
Макаловка
Бұл тағам әскери тапқырлықтан туындаған. Солдаттар ешқашан өздерімен қасық алмаған екен. Оның орнына нанды алып, оны шамалы су араластырылған тушенкаға батырып жеген. Егер мүмкіндік болса сәбіз бен жуа қосып, тамақты ысытатын болған.
Құрамы:
Тушенка — 1 банка;
Су  — 100 мл;
Пияз — 1 дана.
Даярлау әдісі:
Тушенка банкасын ашып, табаға құямыз. Майы ерігеннен кейін, ұсақ етіп туралған пияз қосып, содан кейін суды құямыз. Қара нан кесектерімен дастарханға ұсынамыз.
massaget.kz
04 мамыр 2018 ж. 1 237 2

JeaCold от 11 ақпан 2019 04:44
Buy Cialis Online Uk Reviews cialis Taking Amoxicillin Le Cialis Est Il Vraiment Efficace Propecia Facial Hair

StevMype от 8 мамыр 2019 03:55
Cytotec Vente Ligne Cheap Viagra Overnight buy generic cialis Cialis Apotheke Kaufen Strep Throat Amoxicillin Dosage Discounty Stendra

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031