» » Стресс және оның алдын алу туралы не білесіз?

Стресс және оның алдын алу туралы не білесіз?

qarmaqshy-tany.kz Стресс – адамның мазасыздығынан туындайтын көбiне өзі бейiмделмеген жұмыстардың шамадан тыс болуына байланысты бейiмделген психикамен организмнiң өзгерiстерге ұшырауына әкелетiн процесс ретiнде саналады. «Стресс» ағылшын сөзi, аудармасы «қысым, тартылыс, қысым келтiру» деген мағынаны бiлдiреді. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгiзген канадалық ғалым Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс – өте жағымсыз әсерлерге жауап ретiнде туған организмнiң қалыпсыз бейімделу әрекеттерiнiң жинағы.

Стресс деген сөз күнделiкті өмiрiмiзде үйреншiктi болып кеткенiмен ғылыми әлемде оған қатысты мәселелер өте көп. Бұл күндерi стресс қоғамдық өмiрдiң бір ажырамас бөлігіне айналды, қандай оқиға өтсе де осы стреспен байланыстырады. Ғылыми әлемде стресс туралы 600-ге жуық анықтамалар мен көптеген теориялар бар.
Қазір көп айтылып жүрген психологиядағы жаңа бағыт когнитивті процестер, психоиммунология сияқты зерттеулерде стрестік жағдайға ойлау іс-әрекеті қарсыласа алады деген түсінік қалыптасқан.
Әрбір адам өзінің табиғатына, өзінің ішкі тұрақтылығына жету үшін тепе-теңдікте ұстауға ұмтылады. Егерде ішкі тепе-теңдікке қауіп төніп тұрса, онда мазасыздану, беймазалық, толқу сияқты күйлерді бастан кешіріп, стресске шалдығамыз, мысалы белгілі бір жағдай біздің қадағалауымызға көнбейді, өзіңді қадағалай алмайсың, ары қарай дами алмайтыныңды сезіну, ешкімнен көмек жоқ тек өзіңе ғана сенетін жағдайды сезіну. Егер осындай күйлер мен сезінулер өзгермей жалғаса берсе, ұзақ уакыт олар әлсіремесе, онда ұзақ уақытқа созылған стресс туралы айтамыз.
Қазіргі кездегі ғалымдар стрестің келесі түрлерін ажыратады. Эустресс, яғни жағымды стресс. Ол қалаулы әсерімен үйлеседі және ағзаны жинақтайды. Эустресс жағдайында танымдық процестердің белсенділігі және сана-сезім процестері шынайы өмірде ұғысуы, есте сақтау қабілеті артады.
Дистресс – бұл жағымсыз стресс. Әр адам стрестің оптимальды деңгейін ұстауға қабілетті. Бірақ стрестік әсерлер адамның бейімделушілік мүмкіншілігінен аспауы керек. Олай болмаған жағдайда стресс – дистреске айналуы мүмкін. Ол шаршау, жұмысқа ынтаның төмендеуі, қобалжу, үрейлену деген сияқты өзгерістермен сипатталады. Осы сияқты стреске төзімсіздік азуға әкеп соғады. Ал, азу жүйке ауруына шалдықтырады, кейде психоздық ауруға, үнемі шаршап тұру синдромына немесе психосоматикалық ауытқуларға жетелейді. Мысалы адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды.
Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауіп туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады.
Қорыта келе, стресс – бұл сіздің басыңызға түскен нәрсе емес, ол түсінігіңіздегі нәрсе. “Стресстен толық құтылу – өліммен бірдей” дегенді де ғалымдар дәл тауып айтқан. Өйткені, тірі ағза үнемі тосын жағдайға кезігіп, оған жауап беріп отыруы тиіс, бірақ адамның психологиялық кейпі қандай: қиындықтан қашуға бейім бе, әлде оны жеңуге бейім бе? – бәрі соған байланысты. Өз-өзіңізге сенімді болсаңыз, жеңбейтін қиындық жоқ, кез-келген қиындықтан жол табасыз: ең бастысы – түймедейді түйедей етіп көрсетуден, асқан кінәмшілдіктен аулақ болуға, ешқандай мұңға берілмей, өзіңді нық ұстап, қандай сәтте де қорқыныш сезімін жеңуге тырысыңыз.
Сәуле АЛТЫНБЕКОВА,
No85 орта мектептің педагог-психологы
23 қаңтар 2023 ж. 1 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031