» » Құлақты бітеу қылған - құлаққап

Құлақты бітеу қылған - құлаққап

Көше бойында келе жатқаным сол еді, қарсы беттен «дүрс» еткен дауыс естілді. Жақындап барсам көлік иесі екі қолымен басын ұстап не істерін білмей тұр. Ал жерде тұла бойы қанға боялған жас жігіттің құлаққаппен бірге оратылып жатқанына көзім түсті. Бағдаршамға келіп тоқтап жатқан көліктермен ілесіп, жаяу жүретін жолға түскен сәтте, ағып келе жатқан жеңіл көліктің жанына жеткенін естімей қалса керек.Осындай құлағына құлаққап тағып, жайсыз жағдайларға ұшырап жатқандар күн санап көбеюде. Себебі, әсем әуеннің ырғағына тербеліп, тұңғиығына батып, сыртпен қарым-қатынасын үзеді. Өзгелерді тыңдамайды, тыңдағысы да келмейді. Қиялмен өз әлемін ойлап тауып, айналасындағы адамдармен араласпайтын дертке шалдығады. Қазіргі таңда қоғамдық көлікте, асханада, оқу орындарында тіпті сабақ үстінде, үйде, көшеде құлағы сымсыз жүрген жас буындарды байқамаймыз. АҚШ отоларингологы, Бостондағы Brigham and Women емханасының дәрігері Джозеф Шаргородскидің зерттеуінше, бұл елдің әрбір бесінші жасөспірімінің есту қабілеті нашар. Сандар мынадай: 6,5 миллион балада кінәрат бар. Мұны АҚШ ғалымдары екі рет тәжірибеден өткізген. Біріншісін, қалта плеерлер шыққан 1988-1995 жылдар аралығында және екіншісін, 2008-2015 жылдары жүргізген. Көрсеткіштері төбе құйқаңды шымырлатады. Алғашқыда жеткіншектердің есту қабілетінің төмендеуі 30 пайызға жетсе, ауыр деңгейдегі құлақ аурулары 60 пайызға дейін артқан. Қыздарға қарағанда, ұлдардың есту қабілетінен айырылу қаупі басымырақ екені дәлелденіп отыр. Жастар музыканы қаншалықты қатты дауыста тыңдап жатқанына аса мән бермейді екен. Ол құлақтағы сезімтал талшықты жасушаларға зиян келтіреді. Бұл – таскереңдікке апаратын тікелей жол, дейді Батыс Онтарио университетінің профессоры Маргарет Чизман. Құлаққа қауіпсіз дыбыстың деңгейі 80-85 децибел болуы керек, ал 100-ден асқан жағдайда бұл сөзсіз денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Мамандардың пікірінше, күніне құлаққапты бір жарым сағаттан артық пайдаланбаған жөн.
«Құлақтан кіріп, бойды алар жақсы ән мен тәтті күй» деп күмбірлеген домбыраның дауысы мен түрлі әуендердің шынайы адам жанына әсер етуін айтамыз. Құрдымға құлатар құлаққаптың көңілімізді көтерсе де, денсаулығымызға зиян екенін ұмытпағанымыз абзал.
Айнұр ӘЛИ
28 сәуір 2018 ж. 1 842 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 029

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031