» » Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

qarmaqshy-tany.kz Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы (АИВ/ЖИТС) — адамның иммунтапшылық вирусы (АИВ) қоздырған инфекцияның организмге әсерінен дамитын дертті жағдай. Инфекция жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы мүмкін. Әдетте, инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзаққа созылады. Ауру үдеген жағдайда адамның иммунды жүйесі әлсіреп, туберкулез секілді көп кездесетін, сондай-ақ иммунитет қызметі қалыпты адамдарда бола бермейтін оппортунис инфекциялар мен ісіктер пайда болуы мүмкін. Инфекцияның аталған кеш белгілерінің жиынтығын жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС) деп атайды. Әдетте, бұл саты адамның өте қатты жүдеуімен қатар жүреді.
АИВ бірінші кезекте қорғаусыз интимді жақындасу жұқтырылған қан құю, тері асты инъекцияға арналған ине арқылы, сондай-ақ жүктілік, босану не емізу кезінде анадан балаға беріле алады. [11] Вирус сілекей, тер, жас секілді дене сұйықтығы арқылы адамнан адамға берілмейді.
Алдын алу шаралары: қорғаулы интимді жақындасу, ине алмасу бастамасы (қолданылған инені жаңасына тегін алмастыру), жұқтырғандарды емдеу, жұқтыруға дейінгі және кейінгі профилактика және ерлерді сүндеттеу. Аурудан толық айықтыратын дәрі не вакцина жоқ; десе де, антиретровирусты терапия ауру ағымын баяулатып, өмір сүрудің әдеттегі ұзақтығына әкелуі мүмкін. Диагноз қойылған сәттен бастап, емдеуді бастау ұсынылады. Ауру жұқтырған адам емделмесе, шамамен 11 жыл өмір сүреді Анасына да, балаға да антиретровирусты терапия жүргізу арқылы нәрестеде аурудың дамуын алдын алуға болады.
Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының №503 бұйрығына сәйкес Дүниежузілік ЖИТС-пен күнін өткізу туралы тапсырмасына орай, Байқоңыр қаласы көп бейінді ауруханамызда ЖИТС алдын алу бойынша апталықтар жүргізілуде. Қараша айының 24-інші жұлдызында ауруханамыздың медицина қызметкерлері арасында жалпы тәжірибелі дәрігер Абжаппар К.Ж, дәрігер эпидемиолог Мухамбединова Г.Б, ЗОЖ дәрігері Өтегенова А. дәрігер дерматовенеролог Исалдаев Т. қатысуымен АИТВ инфекциясы тақырыбында семинар сабақ жүргізілді. Семинарға қызметкерлер ат салысып қатысып сұрақ жауап алмасты. Емханаларымызда санбюллетень бұрйыштары ілініп, қабылдауға келіп отырған науқастар арасында брошюралар таратылды.
Бірінші байлық –денсаулық. Өз денсаулығымызды қорғап салауатты өмір салтын сақтайық.
25 қараша 2022 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728