» » Қолды қытырлату зиян ба?

Қолды қытырлату зиян ба?

"Қолды қытырлатқан дұрыс емес, сүйекке зиян ол" деп жатамыз. Сарысу көбейіп кетеді дегенді де естідік. Қолды қытырлатпасақ та, тізе, аяқ пен шындық ыңғайсыз қозғалып қалсақ, қытырлап шыға келеді. Бұл да зиян ба сонда? Осыны анықтап көрейік.

Тізе мен қолдың қытырлауын ғылымда крепитация деп атайды. Сүйек пен сүйек, буын мен буын қажалып кетпес үшін ортасында арнайы сұйықтық болады. Ал ол сұйықтықтық құрамында оттегі, азот пен көміртегі диоксиді сынды газдар болады. Адам мәселен отырған кезде тізе бүгіледі де, арада "майлап тұрған" сұйықтыққа қысым түседі. Сол кезде сұйықтықтан жоғарыда аталған газдар бөлініп шығады да, қытырлау содан пайда болады.

Адамның бұл қасиеті ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Сондықтан бала да аяқ-қолын оңай қытырлатады.

Бұл табиғи заңдылық болғандықтан, қорықпай-ақ қойыңыз.

Ал егер тізе не қол қытырлаған кезде, ауырсыну болса, онда жақсы емес. Көбіне қарт адамдар жапа шегеді. 65 жастан асқан қариялардың 50 пайызы остеоартрозға шалдыққан екен.

Шындап келгенде, ешқандай қолды қытырлату мен денені сарысу басудың арасында еш байланыс жоқ, қолды сытырлату ауруға алып келмейді. Мұндай мифтің бетін сейілту үшін медицинада түрлі зерттеулер жасалған. Олардың бір де бірі қолды қытырлату ауруға алып келеді деген қорытынды шығармаған. Тіпті, профессор Дональд Унгер өзіне "тәжірибе жасап", 50 жыл бойы қолын "қытырлатып" жүрген. 50 жыл өткеннен кейін тексеру жүргізгенде, денсаулығында еш ақау болмағаны, артритке шалдықпағаны белгілі болды. Сол үшін оған 2009 жылы Шнобель сыйлығы табысталды.

Қызық дерек

Жануарлар әлемінде тізені әдейі қытырлататын хайуандар бар екен. Мәселен, бөкен жыртқыш аңдарды қорқыту мен үркіту үшін тізесін қытырлатын қашатын көрінеді.

massaget.kz
22 шілде 2022 ж. 1 074 1

Tracy от 29 мамыр 2025 11:55
Thanks. Lots of stuff. casino en ligne This is nicely said! . casino en ligne Wonderful info, Cheers! casino en ligne You said it perfectly.. casino en ligne francais Good advice Kudos. casino en ligne Incredible a good deal of wonderful data. meilleur casino en ligne Thanks! Very good information! casino en ligne Thank you, Quite a lot of information! meilleur casino en ligne Thank you. Numerous advice! casino en ligne France Thanks! Quite a lot of info. casino en ligne

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 871
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30