» » Диетолог қызанақтың денсаулыққа пайдасы жайлы айтты

Диетолог қызанақтың денсаулыққа пайдасы жайлы айтты

Қызанақ - ликопиннің табиғи қоры. Ол иммунитетті күшейтетін және ісікке қарсы әсері бар антиоксидант болып табылады. Бұл туралы дәрігер-диетолог және Диетологтар мен нутрициологтар ұлттық ассоциациясының мүшесі Наталья Круглова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қызанақ 

"Ол ағзаны жүрек және қан-тамыры ауруына шалдықтыруы мүмкін бос радикалдар әсерінен және онкологиялық аурулардан қорғайды. Ликопиннің көмегімен иммунитеттің қорғаныш жасушалары түзіледі", – деді Круглова сұхбат барысында. 

Диетологтың айтуынша, қызанақ құрамында С дәрумені, тағамдық талшықтар мен бета-каротин бар. Бета-каротин тері, шаш, тырнақ және көру жүйесіне оң әсер етеді. Сонымен қатар Наталья Круглова қызанақ бойындағы пайдалы заттар термиялық өңдеуден кейін де сақталатанын айтады. Әрі көкөністен гөрі томат пастасындағы ликопин саны көбірек болады екен. 
"С дәрумені үшін қызанақты таңдаған жөн. Себебі термиялық өңдеу кезінде С дәрумені бұзылады. Ал кетчупте тұз мөлшерін өлшеген жөн. Сондықтан пастаны негіз ретінде алып, дәмдеуіштерді және тұзды өзіңіз қосқаныңыз дұрыс", - деп кеңес берді Наталья Круглова. 
Алайда қызанақты барлығына тұтынуға болмайды. Ас қорыту жүйесі ауруының асқынуы байқалатын адамдарға қызанақ жеуге кеңес берілмейді. 
08 қараша 2021 ж. 575 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728