» » Адамның бет-әлпетін жақсартатын өнімдерді білесіз бе?

Адамның бет-әлпетін жақсартатын өнімдерді білесіз бе?

Диетолог Джесика Сепель бет-әлпеті мен теріні жақсартатын өнімдерді атады. Оның айтуынша бұл өнімдердің құрамында Q10 антиоксиданты бар, деп хабарлайды Stan.kz
Маман майлы балық, бауыр және тұтас дақылдан пісірілген өнімдер терінің жақсаруына көмектесетінін айтады. Себебі олардың құрамында энергия бөлуде маңызды рөлді атқаратын Q10 антиоксидант коэнзимі бар. Ол эпидермистің сыртқы қабатында жиналып, қышқылдардан қорғайды. Бұдан бөлек мұндай өнімдерде Омега-3 қышқылы да көп мөлшерде кездеседі. Ол ағзада қабынуды азайтуға көмектеседі. 
Сонымен қатар Сепель цитрус өнімдері, киви және қызанақ, бұршаққынды бұрышты тұтынудың да маңызын айтып өтті. Диетолог олардың құрамында кездесетін С дәрумені коллаген бөліп, терінің қартаюын баяулатады дейді. 
Асқабақ, картоп, сәбіз және манго, папайя теріні ультракүлгін сәуледен қорғайтын бета-каротинге өте бай. 
Диетолог тамақтану рационына Е дәруменіне бай күнбағыс дәндерін, миндаль мен шпинатты қосуға кеңес берді. Е дәрумені теріні ультракүлгін сәуледен қорғап қана қоймай, жасушаның бұзылуын алдын алады және терінің қартаюын баяулатады. 
31 қазан 2021 ж. 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031