» » Сұлу болу үшін не жеу керек?

Сұлу болу үшін не жеу керек?


Сан жылдар бойы диетологтар мен дерматологтар сұлулыққа сеп болар тағамдарды анықтауға тырысты. Зерттеу нәтижесі не дейді?
1. Мінсіз бет

 Ғалымдардың пікірінше асқабақ дәндері безеудің алдын алуға таптырмас көмекші. Бұл пікірді «Же, іш және жақсара түс» кітабының авторы, диетолог Эстер Блум растап отыр. Асқабақ дәндерінің құрамында мырыш кездеседі. Ал ол өз алдына безеу мен бөртуді емдеуде қолданылады.

 Мырыштың жетіспеуінен бетке безеу, бөртулер шығып кетеді. Күніне 2 рет тазартылған асқабақ дәнін жеп тұрсаңыз, безеудің алдын аласыз және емдейсіз.

2. Уылжыған бет

 Тамақ мәзіріне екпе шиырмақ кіретін болса, бетіңіз жасарып, ажарлана түседі. Екпе шиырмақтың құрамында ісінуді басатын антиоксиданттар мен темір бар.

3. Мінсіз күлкі

 Күніне бір алманы жеп тұру әдеті тіс дәрігеріне жиі бармаудың кепілі бола алады. Себебі алманың тісті дақтардан тазартатын қасиеті бар.

4. Жаудыраған көз

 Көз ауруының алдын алу үшін ғалымдар саумалдық жеп тұруға кеңес береді. Оның құрамында лютеин бар. Саумалдық шаршаңқы күйді таратып, көздің ағына табиғи түсін қайтарады. Күніне 1-2 стақан саумалдық жапырағын жеп тұру жеткілікті.

5. Төгілген бұрым

 Бұрымыңыз көз тартарлық болсын десеңіз, тағам мәзіріне жасыл бұршақты қосу керек. Ғалымдардың пайымдауынша, оның құрамында кремний көп. Зерттеу нәтижесі бойынша, бұршақты көптеп жеу шашты қалыңдататы. Сондай-ақ оның шаш үшін емдік қасиеті де мол.

6. Ылғалданған тері

 Ағылшын ғалымдары терінің қызарып, қабыршақтануын зығыр дәні жақсы емдей алатынын анықтады. Олардың құрамында теріні ылғалдандырып, жұмсартатын омега-3 қышқылы бар. Зығыр дәндерін йогуртке, печенье қамырына немесе салатқа да қосып, жеуге болады.

7. Болашаққа "инвестиция"

 Ғалымдар 40 жасқа келіп жас көріну үшін жиірек киви жеп тұру керектігін айтады. Бұл жемістің құрамында қартаю үдерісін бәсеңдетіп, коллаген өндіретін С дәрумені бар.

8. Мықты тырнақ

 Тырнақты қатайту үшін жұмыртқа жеу керек. Аптасына бірнеше жұмыртқа жеп тұрсаңыз, тырнағыңыз мықтырақ болады. Жұмыртқаның құрамында тырнақтың қатты болуына жауапты биотин бар.
07 мамыр 2019 ж. 1 533 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031