» » Бір жасушалы микроб – адамның туысы

Бір жасушалы микроб – адамның туысы

Бір жасушалы микроб – адамның туысы
Адам қалай пайда болған? Алғаш рет жер бетін тек біржасушалы ағзалар ғана мекен еткен деген тұжырым да кездеседі. Бұл тұжырымды дәлелдеуде жүргізілген зерттеу барысында ғалымдар адамзаттың жасушасына сәйкес генетикалық құрылымға ие бір жасушалы микробтарды аңғарған. 
1951 жылы афроамерикалық Генриетта Лакстің (Henrietta Lacks) жатыр ісігіндегі жасуша алынып, сынаққа жіберілген болатын. Емделуші бірнеше айдан соң көз жұмғанымен, оны жасушасы сынауықта өмір сүруін жалғастыра берді. Бұл ғалымдардың тәжірибесіндегі алғашқы жағдай еді. 
Содан кейін мәңгі өмір сүретін жасушылардың қатары артты. Бірақ, соның ішінде мыңдаған зерттеу орталығының тәжірибе нысаны болған HeLa жасушасының орны ерекше. 60 жыл ішінде біржасушалы ағза жеке тіршілік ретінде өмір сүріп, тіпті, олардың генетикалық кодынан мутация және хромосомалардың бұзылуы байқалған. Олар бастапқы адамның бір ғана жасушасынан кәдімгі жеке өмір сүре алатын ағзаға айналған. 
Көптеген биологтар HeLa жасушасы мен оның тұқымдастары Homo sapiens түріне жатпайтынын айтса, тағы бір қатары генетикалық тұрғыдан бір жасушалы ағзалар адамдарға жақын екенін алға тартады. Ал, енді бірі HeLa жасушалары эволюция кезінде жануар жасушаларынан алыстап кеткенін, оның өз бағыты бар екенін айтады. Егер, HeLa жасушасын жеке түр ретінде қарасақ, онда кез-келген рак ісігін эволюциялық ашылу ретінде қарастыруға тура келеді. 
Неге олай демеске? Рак жасушалары мутация нәтижесінде пайда болады. Көп жағдайда олар иммундық жүйемен «күрес» жүргізеді. Кейбір жасушалар имундық жүйені бұзып, анти-денелердің барлығын жұтып қоюға қабілетті. Сондықтан, көп жағдайда рак дертінен айығу мүмкін емес.
Ғылымда ашылмаған, айтылмаған және зерттелмеген түрлі сала мен тақырып бар. Тіпті, зерттелгеннің өзінде күмән тудыратын тұжырымдар саны қаншама. Сіздің ойыңызша, адамның жаратылысы әлі күнге дейін жұмбақ па?
02 сәуір 2018 ж. 2 056 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031