"Қыз-ау"

Шешем жақында жасы 90-ға жеткен жақын қайынсіңілсін, Назира апайымызды туған күнімен құттықтап барды. Анамыз:
– Қыз-ау, біз сені Қияттарға ұзатып жатырмыз, білегіңе күміс білезік тағамын, күмбірлеп жүр, қолыңа алтын сақина салып жатырмын, алтындай жарқырап жүр, басыңа қонған бақ арылмасын деп, басыңа ақ жаулық жабамын, көңілің көтеріліп жүрсін деп, үстіңе көйлек кигіземін тойың құтты болсын. Қолыңдағы балаң мен келінің Батырхан мен Хамария абыройыңызды көтеріп, балаларыңыз, немере-шөберелеріңізді, ағайын, туыстарды, құда-жекжаттарыңызды шақырып, жасыңыздың 90-ға толғанын үлкен мереке жасап жатқанына қуанып отырмыз. Балаларыңа Алла разы болсын. Өзіңе Алла қуат берсін. Балаларыңның қуанышын, ұрпағыңның қызығын көріп, Алланың берген жасын жасап жүре бер.
Анамыз Фатима мерейтойдан үйге келген соң, осы сөз туралы айтып берді;
– Балам, "Қыз-ау" дегенімді түсіндірейін. Баяғыда жасы ұлғайған кемпір төркіне "төркіндеуге" барыпты. Төркіндері апаларына төркінсыбағасына көп мал, біраз дүние беріп, күтіп, баптап қонақ еткен. Қайтар уақыты болса да, төркінде біраз күн жатып қалыпты. Көп жатқан соң, төркіндері бергендерімізге көңілі толмай қалды ма, деп:
– Апай, қане төркіндеріңізден тағы не қалайсыз, қалаған дүниеңізді сұраңыз?"-деп сұрапты.
– Айналайындар, бергендеріңе, кигізгендеріңе өте ризамын, Алла разы болсын, менің төркінеме келгендегі бір жұмыс бітпей тұр, сонан соң қайтамын,- деген екен. Сөйтсе, төкініндегі ең үлкені жалғыз жеңгесі бір жаққа қыдырып кетсе керек. Сол жеңгесі кеткен жағынан келіп, қайынсіңілсімен қауышып, мәре-сәре болып қуанып отырып:
– ҚЫЗ-АУ!-деп сөз бастаған екен. Сол кезде "төркіндеуге" келген кісі:
– Әне, енді менің жұмысым бітті, енді қайтамын,-деген екен. Иә, бұрынғының жолы, ұзатылған қыз жас болсын, кәрі болсын төркінге келгенде жеңгелерінің "қыз-ау" дегенін, "қыз" деген сөзді және қыз кезіндегі қосымша аттарымен атағанын есітуі керек екен. Сол кезде көңілі жайланып, қуанып, көңілі жадырап риза болады екен. Осы сөз төркін жағынан айтылуы керек екен. Және төркіні қызына арнап соғымнан асық жілік, құйымшақ, күйеуге төс, құда-қағидың сыбағасы жамбасты қада-қауметімен сақтап қоятын болған. Мен руымыздың ұзатылған үлкен қыздарын көрсем, "Қыз-ау" деп айта жүремін, бұрынғының жөні ғой, үлкен кемпір болса да айту керек, айтылу керек,-деп сөзін аяқтады анамыз.

Оңдасын Оразов
03 маусым 2021 ж. 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031