» » Баспана кезегінде кімдер басымдыққа ие?

Баспана кезегінде кімдер басымдыққа ие?


Баспана кезегінде кімдер басымдыққа ие Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс өкілінің депутаттық сауалына берген жауабында тұрғын үй кезегінде кімдердің басымдыққа ие екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін тиімді шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде тұрғын үй саясатына жаңа тәсілдер енгізіліп жатыр. Қарастырылған түзетулер бойынша азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың негізгі құралы «Отбасы банк» АҚ болады», - деп жазды Ералы Тоғжанов. Оның айтуынша, баспана үлестіру кеекте тұрған азаматтың әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, есепке қою күніне және азаматтардың қолжетімділік сатысына сәйкес жүзеге асырылмақ. Бұл жердегі қолжетіміділік сатысына мына санаттар жатады: - табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын кезекте тұрғандар үшін отбасының әрбір мүшесіне арендалық баспана беріледі; -табысы 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін кезекте тұрғандарға «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жылдық мөлшерлемесі 2% ипотека беріледі; -табысы 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін кезекте тұрғандарға «Шаңырақ» («5-10-20») бағдарламасы бойынша жылдық мөлшерлемесі 5% ипотека ұсынылады; «Ол үшін әрбір өтінім бойынша отбасының табысын, мүлкі мен активтерін ашатын цифрлық көрініс түзіледі» - деп жазылған Үкімет өкілінің жауабында.

10 мамыр 2021 ж. 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031