» » Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы қалай әзірленді?

Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы қалай әзірленді?

2020 жылғы 16 наурызда Қазақстанда коронавируспен ауырған алғашқы адам анықталды. 23 наурызда науқастардан патологиялық материалдар алынды. Материалдан COVID-19 вирусы бөлініп, оның биологиялық қасиеттері зерттелді. Осы уақыттан бастап қазақстандық ғалымдар бірден вакцина әзірлей бастады.


9 мамырда ғалымдар QazCovid-in вакцинасын әзірлеп шығарды.

15 мамырда Денсаулық сақтау ұйымы оны кандидаттық вакцина ретінде тіркеді жене ғалымдар зертханалық жануарларға егу арқылы клиникаға дейінгі зерттеуді бастады.

Маусым айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы зерттеудің оң нәтижелерін мойындады.

Шілдеде ғалымдар өздері жасап шығарған QazCovid-in вакцинасын алғашқы болып өздеріне салғызды.

17 қыркүйекте 44 еріктінің қатысуымен I кезеңнің клиникалық зерттеулері басталды. Нәтижесінде вакцина жоғары қауіпсіздігін көрсетті, еріктілердің жағдайы қалыпты.

17 қазанда клиникалық зерттеулердің II кезеңі басталып, оған 200 ерікті қатысты.Нәтижесінде вакцина жоғары иммуногенділік пен тиімділігін көрсетті.

19 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық зерттеулердің соңғы III кезеңін жүргізуге рұқсат берді, оның аясында 3 мың еріктіге QazCovid-in вакцинасы салынды.

Қазіргі уақытта еріктілердің жағдайы қалыпты, жақсы. Еріктілердің қанында қажетті қорғаныс антиденелері пайда болды.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, «Қазақстандық медициналық кеңес» медициналық білім және ғылым ұйымдары қауымдастығының президенті Талған Нұрғожин QazCovid-in қазақстандық вакцинасын клиникалық сынақтардан тыс өздеріне салғызды.

01 сәуір 2021 ж. 449 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930