» » "Е-Өтініш" ақпараттық жүйесі

"Е-Өтініш" ақпараттық жүйесі





Бүгінде Қоғамдық қабылдау мен мемлекеттік органдарға өтініш жасаушы азаматтар саны артқан. Мемлекет пен қоғам арасындағы екіжақты байланысқа кедергі бірқатар проблемалар "Е-Өтініш" жүйесі арқылы шешімін таппақ.

Біріншіден, мемлекеттік органдар арасында өтініштерді автоматты түрде бөліп беру арқылы артық іс-әрекеттен құтыламыз – шағымданушы тек бір рет қана өтінішінің электронды нұқсасын толтырса жеткілікті болады. Қолданушы сервистің көмегімен оның түріне, саласына және сұрақтың сипатына қарай таңдау жасайды. Таңдап алынған параметрлер бойынша, жүйе автоматты түрде құзырлы органды анықтайды, ал шағым беруші өтініш мәтінін жазады немесе дайын құжатты қыстырады. Бұдан соң, құжат тиісті органдарға жөнеледі.
Екіншіден, өтінішті қарастыру процесі де оның мерзімін қысқартуға орай сәйкестендірілген. Мемлекеттік органдар шағымданушының басқа органдарға түсірген өтінішінің тарихын еш тапсырыс бермей-ақ пайдалану мүмкіндігіне ие болады – бүгінгі күндері мұндай тапсырысты алуға 15 күнге дейін уақыт кетеді.

Үшіншіден, кері байланысты жақсарту үшін, шағымданушы жауапты орган туралы, кім орындайтыны туралы және қанша уақытта қарастыратындары туралы толық ақпаратқа қол жеткізетін болады.

Төртіншіден, жауап сапасын бағалайтын қызмет(сервис) енгізіледі. Соның нәтижесіне қарай, мемлекеттік органдардың жұмысы сәйкестендіріліп отырады, делінген хабарламада.

Сондай-ақ "Е-Өтініш" жүйесі осы заманғы сараптамалық құралдармен жабдықталған.
Сонымен қатар аймақтардағы жағдайды қадағалап, уақытында шешім қабылдау мүмкіндігін арттырады.

Мемлекеттік органдардың жауаптары да осы жүйелік сараптаудан өтеді.

Жаңа ақпараттық жүйе келесі бір түйінді мәселелерді шешеді:

- бөлек-бөлек коммуникация арналарын біріктіреді;

- шағым түсіру тәртібін бір стандартқа келтіреді;

- шағым түсірудің бірыңғай реестрін құрады;

- деректер базасын өзара байланыстырып, өтініштерді қарастыру процесі оңтайлана түседі;

- өтініштерді қарастыру сапасын қадағалауды қамтамасыз етеді;

- ел-жұрттың проблемасын тез анықтап, шапшаң шешуге көмектеседі.

25 ақпан 2021 ж. 1 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 197

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 147

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 312

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930