» » Онлайн режимдегі құрбандық шалу қалай жүзеге асырылады?

Онлайн режимдегі құрбандық шалу қалай жүзеге асырылады?

Бұл жөнінде Алматы қаласы Бостандық ауданы "Байкен" мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев онлайн брифинг барысында айтып берді.
Оның айтуынша, онлайн құрбандық шалу үшін барлық компьютерлік және интернет мүмкіндігі пайдаланылмақ.

Яғни, онлайн режим арқылы qurbandyk2020.kz порталында тапсырыс беріп құрбандық шалу мүмкіндігіне ие боласыз. Арнайы сайтта бәрі толық көрсетілген. Ірі қара әлде қой шалғыңыз келсе, соны таңдап, аты-жөндеріңізді жазып, құрбандық шалу ниетіңізді білдіресіз. Одан бөлек, ет алуға өтініш білдіретіндерді де осы сайт арқылы өтініштерін қабылдаймыз, - дейді имам.
Осы күнге дейін Алматы бойынша құрбандық шалуға ниет білдіргендер де бар екен. Мәселен, 49 қой, 18 ешкі, 2 ірі қара, 8 тоқты малына тапсырыс берілген. Тапсырыс қабылдау әлі де жалғасады.

Сондай-ақ, 1305 адам құрбандық етін алуға өтініш білдірген. Ал Қазақстан бойынша 11 мыңнан аса адам өтініш жіберіпті.

Данияр Жұмабаевтың айтуынша, биыл құрбандық еті мешіт жанында үлестірілмейді. Өйткені мешіттердің барлығы жабық. Сондықтан етке өтініш білдірген мұқтаж жандарға ет үйіне дейін жеткізіледі.
29 шілде 2020 ж. 618 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 189
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 835

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031