» » Саяхатшыларға керек кеңес

Саяхатшыларға керек кеңес


Бұрын-соңды алыс жолға шықпаған жандар сапар кезінде қатты толқиды. «Не ұмыттым?» деп, алаңдаған көңіл әсерінен сөмкесін мың ақтарып, он қопарады. «Адам үйден қырық қадам алыстаған соң, сынық инеге зәру болады» дейді халық даналығы. Төменде берілген мына тізіммен сіз саяхатқа сақадай сай боласыз.

1. Әрбір саяхат сөмке немесе жолдорба таңдаудан басталады. Негізінде, көлемі ыңғайлы, құжаттар салуға арналған арнайы қалтасы, дөңгелегі бар сөмкелер саяхаттауға тиімді.

2. Киім-кешектерді бүктеп емес, түтік секілді етіп орап жинаған жөн. Біріншіден, сөмкеңіз біршама ықшамдалып, бос орын көбейеді, екіншіден, киімдеріңіз қатты қыртысталмайды.

3. Заттарыңыздың ішінде міндетті түрде тері күтіміне арналған жақпа май болуы керек. Оның көмегімен теріңіздің құрғақтанып, жарылып кетуінен қорғайсыз.

4.  Қойын дәптерге жүрген көше мен аралаған дүкеннің, тамашалаған қызықты мұражайдың мекенжайларын жазып жүру керек.

5. Саяхат кезінде тұрақтауға, демалуға орын-жай керек. Егер даладағы орындықтарда ұйықтап қалмайын десеңіз, алдын ала жататын қонақүйіңізді сайлап қойыңыз. Ал егер, шатырыңыз болса, орман-тоғайда шатырыңызды құрып алып, не кемпингте (автотуристерге арналған шатырлармен немесe жазғы үйлермен және автомобильдер үшін тұрақпен жабдықталған жазғы лагерь) демалсаңыз болады.

6. Бағалы бұйымдарды үйде қалдырған дұрыс.

7. Құрылғыларға арналған түрлі әмбебап адаптерлерді ала шығыңыз. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші, қалта телефоныңыздың қуаты азайса, ноутбугыңызбен жұмыс істеу кезінде қажет болады.

8. Ине-жіп. Олар орман арасында, талдарға ілініп, жыртылып қалған киімдеріңізді не болмаса саңылау пайда болған шатырыңызды қалпына келтіру үшін керек болады.

9. Кішкентай қалта шамы – қараңғыда бөгде қала немесе жабайы табиғат аясында таптырмас көмекші.

10. Дорбалар мен сырмалы қапшықтар заттарыңызды жинақтап салып жүруге ыңғайлы. Және де табиғат аясына шыққан соң, қоршаған ортаны қорғауға осы дорбалардың көмегі тиеді.

11. Ұзақ жолға шыққан соң, жуынатын, тұтынатын құрал-жабдықтарды ұмытпау керек.

12. Жәндіктерден қорғайтын дәрі-дәрмекті те саяхатшы ұмытпауы тиіс.

13. Құлаққа арналған тығын – тыныштықта тынығу үшін керек бұйым. Ұйқысыздықдан қиналатын жандарға оның көмегі зор. Немесе оларға ұйықтатып тастайтын дәрі ала шығу керек.

14. Саяхаттап жүрген жан шаңды әрі желді жерлерде бетін таза ұстап жүруі мүмкін емес, жатар алдында бет күтімін ойлаған абзал. Сол себепті, ұйықтауға арналған маскаларды ала шығу қажет. Жолда бүлінген киім-кешегіңізді жуып, ілу үшін кірқыстырғашты да ұмытпау керек. 

15. Желден, шаң-тозаңнан, жауын-шашыннан қорғап жүретін бөкебай іздеген кезде сөмкеден табылуы тиіс. Бөкебайдың екінші қызметі – арқан жіптің де орнына пайдаланса болады.

16. Егер танымайтын қалада тамақ ішіп, өзге елдің ұлттық тағамдарынан дәм татып жүрсеңіз, асқорытуға арналған дәрі-дәрмектерді алған абзал. Негізі, алыс жолға шыққанда, жеміс-жидектермен, көкөністермен қоректенген жөн болар.

17. Қолшатыр немесе су өткізбейтін жамылғыш жауын кезінде қорған болады!

18. Әрине, ыдыс-аяқтарды да ұмытуға болмайды!


Пайдаңызға жарасын!
07 ақпан 2021 ж. 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031