» » Сынық кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Сынық кезіндегі алғашқы медициналық көмек


Сынық дегеніміз – жарақат алу барысында пайда болатын сүйек тұтастығының бұзылуы. Бұл жағдайда – шұғыл медициналық көмек көрсету ережелерін білу өте маңызды. Травматикалық сынықтар көбінесе құлау немесе соққы алу әсерінен туындайды. Олар ашық және жабық болып бөлінеді.
Ашық сынық кезінде тері қабаты зақымдалып, жарақаттанған аймақ көзге айқын көрінеді. Көп жағдайда арнайы білімдері жоқ оқиға куәгерлері, зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсету барысында өрескел қателіктер жасап жатады. Бұндай әрекеттер науқастың жарақатын одан сайын асқындыруы мүмкін. Сыну белгілері: қозғалыс немесе жүктеме кезіндегі қатты ауырсыну. Аяқ-қолдың пішіні мен ұзындығының өзгеруі. Аяқ-қол функциясының бұзылуы, жарақат айналасында ісіну мен қанталаудың пайда болуы. Ашық сынық абайлап, жарақаттанған жерді қозғалтпай, қанды тоқтатыңыз, жараны антисептикалық ерітіндімен емдеп, таза таңғыш салыңыз, егер жақын жерде жақтау (шина) болмаса, кез-келген екі қатты затты тауып, жарақат алған жердің екі жағынан қойып, бинтпен байлап тастаңыз, медициналық топ келгенше, жәбірленушінің тыныштығын қамтамасыз етіңіз. Жабық сынық- алдымен жәбірленушіні қимылсыздандырып, ауырсынуды басуға тырысыңыз, жарақаттанған аймаққа суық басыңыз, науқасқа ыстық шай немесе ауырсынуды басатын дәрі беріңіз. Егер жәбірленушіні ауруханаға өзіңіз тасымалдайтын болсаңыз, сынған жерге жақтау салуыңыз керек. Бұл үшін қолда бар материалдарды (тақтай, шаңғы,таяқ) пайдалануға болады. Тыйым салынатын әрекеттер: зақымдалған аяқ-қолды түзетуге тырыспаңыз. Сүйек сынықтарын жарадан алып шықпаңыз, жәбірленушіні қозғалтпаңыз. Жараға спирт, йод және т.б. ауырсыну шокын тудыртатын заттарды құймаңыз.

Бағдат БАЙТҰРҒАНОВ,
ҚР ТЖМ "Апаттар медицинасы орталығы" мм Жосалы Трассалық медициналық құтқару пункті фельдшері
30 желтоқсан 2020 ж. 22 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 389
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930