» » Телефонды қандай жерде қуаттауға болмайды?

Телефонды қандай жерде қуаттауға болмайды?

Смартфонды қуаттау құрылғылары толығымен қауіпсіз деп кесіп айтуға болмайды, оны дымқыл жерде пайдалануға болмайды, дейді телефон жөндеуші Жанат Жақиянов
Алматы облысында болған қайғылы оқиға ұялы телефонды қолдану қауіпсіздігін сақтау қажеттігін тағы да еске салды. Алдын ала болжамға сәйкес, 15 жастағы оқушы қызды қуатталып тұрған телефоннан тоқ соққан. Жасөспірім оқиға орнында жан тапсырды. Былтыр да осы іспетті қайғылы жағдай болған. 

Смартфон компаниялары не дейді?

Ұялы телефон шығаратын танымал компаниялар смартфоннан аздап тоқ соғатынын біледі. Сондықтан ресми сайттарында ондай ақаулыққа қатысты ескерту жасаған. Қуатталып тұрған телефонды қолмен ұстағанда аздаған заряд сезілуі мүмкін. Ол жүннен тоқылған киімді шешкенде болатын статикалық электр зарядына ұқсайды.
"Егер осы жайт жиі қайталанса, мынадай шараларды атқару қажет. Біріншіден, қуаттау құрылғысы мен кабельдің ақаулығын тексеріп шығыңыз. Бұзылған компонент табылса, оны жаңасына ауыстырыңыз. Екіншіден, телефонды қуаттау үшін кәдімгі резеткіні қолданғаныңыз жөн. Басқасын пайдаланғанда қуат көзі тұрақсыз болуы мүмкін. Үшіншіден, ресми өнімді қолданып жатқаныңызға көз жеткізіңіз. Себебі бөгде қуаттау құралдары қауіпті болуы ықтимал", - делінген компаниялардың бірінің ресми сайтында.
Барлық компания ресми әрі жарамды өнімді пайдаланғанда тоқ соғу қаупі жоқ екенін жазады. Себебі қуаттау жабдықтары халықаралық стандарттар бойынша жасалады. Одан кейін қатаң тексерістен өтеді. Бірақ "ресми өнімнен ақаулық шықса, телефон, қуаттау құрылғысы мен кабельді қызмет көрсету орталығына апару қажет" деген ескерту де бар.     

Телефонды дымқыл жерде қуаттауға болмайды

Смартфон жөндейтін мамандар телефоннан тоқ соға бастаса, ескіріп қалған қуаттау құрылғысын ауыстыруға кеңес беріп отыр. Дегенмен, одан адам өліміне әкелетін шамада тоқ өте ме, жоқ па деген сұраққа нақты жауап беру қиын.
"Жалпы қуаттау құрылғысынан 5 – 5,5 вольт қана шығады. Оның ішінде арнайы жабдықтар бар. Сол арқылы өткен 220 вольт кабельге шыққанда 5 вольтқа дейін азаяды. Әлбетте, ондай кернеу адам өміріне қауіпті емес. Дегенмен, қуаттау құрылғылары толығымен қауіпсіз деп кесіп айтуға да болмайды", - дейді телефон жөндеуші Жанат Жақиянов.
Оның айтуынша, телефонға қуат беретін жабдықтар ескіруі мүмкін. Зауыттың өзінен ақаулықпен келетін құрылғылар да болады.  
"Оған қоса, тоққа қосылып тұрған қуаттау құрылғысы тұйықталуы да ықтимал. Иә, ондай оқиғалар сирек кездеседі. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Сондықтан телефонды түнде зарядта қалдырмаған жөн. Сосын дымқыл жерде, мысалы, ваннада смартфонды қуаттауға болмайды", - деп атап өтті Жақиянов.
Бұдан бөлек, мамандар қуатталып жатқан ұялы телефонды жастықтың астына қоймауға кеңес беріп отыр. Сынған, я болмаса, майысқан смартфондарды да пайдаланбау қажет.

Қауіпсіздік шаралары

Ұялы телефондарға сараптама жасайтын мамандар бірнеше маңызды талапты сақтау қажет деп санайды. Олар:
Фирманың ресми қуаттау құрылғысын пайдалану;
  • Смартфонды күннің көзінде немесе жастықтың астында қалдырмау;
  • Телефон зарядта тұрғанда энергияны көп тұтынатын ойындарды қоспау;
  • Смартфонды артқы қалтаға салмау (телефон майысып кетуі мүмкін);
  • Телефонды дымқыл жерде қуаттамау;
  • Сапасыз қуаттау құралдарын алмау;
  • Жастықтың астында жатқан смартфонды тоққа қоспау;
  • Түнде ұялы телефонды зарядта қалдырмау және жанында ұстамау;
  • Смартфон зарядта тұрғанда музыка тыңдамау;
  • Аккумулятор да қауіпті екенін ұмытпау.

Оқушы қыздардың қазасы

Биыл қыркүйектің соңында Алматы облысында 15 жастағы оқушы қызды қуаттау құрылғысына қосылған ұялы телефоннан тоқ соққаны туралы ақпарат тарады. Қайғылы оқиға Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында болды. Облыстық полиция департаменті кәмелеттік жасқа толмаған қыздың қайтыс болғанын растады. Құқық қорғаушылар оқушы қыздың телефоны зарядта тұрғанын да анықтады.  
Марқұмның әкесі Ақылжан Өмірбаевтың айтуынша, қыздың смартфоны балқып кеткен. Ал күйік іздері бетінде қап-қара болып қалып қойған. Сол күні үйдегі электр желісінде ешқандай ақаулық болмаған. Сондықтан қайғылы оқиғаға сапасыз қуаттағыш құрал себеп болды деген болжам бар. Марқұм оны  ауыл ішіндегі базардан бір ай бұрын 3000 теңгеге сатып алған.
Ал былтыр Алматы облысының Қаратал ауданында 14 жастағы оқушы қыз көз жұмды. Ол смартфонды қуаттау құрылғысына қосып ұйықтап қалған. Таңертең телефонның аккумуляторы жарылып, жасөспірім ауыр жарақат алған.

05 қараша 2020 ж. 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031