» » СМАРТФОНДЫ 100 ПРОЦЕНКЕ ДЕЙІН ҚУАТТАУҒА БОЛМАЙДЫ

СМАРТФОНДЫ 100 ПРОЦЕНКЕ ДЕЙІН ҚУАТТАУҒА БОЛМАЙДЫ

Тоқта тұрған смартфон 100 процент зарядты сақтау үшін әрі қарай қыза береді, дейді маман. Смартфонды 100 процентке дейін зарядтау және құрылғының зарядын түк қалдырмай тауысу аккумуляторды тоздырады. Бұл туралы Mail.ru Hi-Tech порталының маманы Дмитрий Рябинин РИА Новости басылымына айтты.

"Смартфонды 100 процентке дейін зарядтаудың қаупі туралы аңыздың шығу себебі – құрылғыны толық зарядтаған соң, тұтынушылардың көпшілігі тоқтан суырмайды: сіз қашан зарядталып болады деп, индикаторға қарап отырмайсыз ғой. Тоқта тұрған смартфон 100 процент зарядты ұстап тұру үшін әрі қарай қыза береді", - деп түсіндірді маман.
Телефонды қалай зарядтау керек?

Оның айтуынша, смартфонды, қуаты 90 процентке жеткен кезде немесе одан сәл аз болғанда, тоқтан ажырату керек. Сол себепті көптеген смартфон шығарушылар "жылдам зарядтау" принципін пайдаланады.
Яғни, әуелі құрылғы тез зарядталады, мысалы, жарты сағатта 70 процентке жетеді, содан соң аккумулятор біраз салқындауы үшін бұл процесс баяулай бастайды, деді агенттікке сұхбат беруші.
"Жәнеде аккумулятордың зарядын смартфон өшіп қалғанша пайдалануға болмайды: сөніп тұрған жағдайда тоққа қосу да батареяны тоздырып, қызмет ету мерзімін азайтады", - ойын түйіндеді Рябинин.


24 сәуір 2019 ж. 1 088 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031