» » » Смартфонды қашықтықтан қуаттайтын білезік

Смартфонды қашықтықтан қуаттайтын білезік

Болашақта біз қолданып жүрген сымды қуаттағыштар керек болмайтын секілді. Смартфонды сымсыз қуаттайтын QI технологиясының шыққанына көп болған жоқ, ал BandCharge жасақтаушылары одан асып түсті.  Компания өз сайтында жаңа білезіктің анонсын жасады. Білезікте радиожиілікті сигнал тарататын құрылғы бар. Одан тараған сигналды смартфон қуат көзіне айналдырады.  Бұған аналогты QI технологиясы смартфонды өзіне жанастырып қоюды талап ететін. Ал білезік смартфонды 15-20 сантиметр қашықтықта қуаттай береді. Дегенмен, мұндай әдіспен смартфонды толыққанды қуаттау қиынға соғады, бірақ қосымша қуат көзі ретінде өте ыңғайлы екенін атап өткен жөн. BandCharge білезікті әзірге жария еткен жоқ. Android және iOS оперативті жүйелерімен бірге жұмыс жасайтындығы жоспарланған екен. Демек, болашақта қашықтықтан қуатталуға лайықталған смартфондар легін күтуге болады.

19 маусым 2018 ж. 1 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 279
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 159

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031