» » Күнге қарап ауа райын қалай болжауға болады?

Күнге қарап ауа райын қалай болжауға болады?


Көшпелі халықтар күн райын табиғат құбылыстарына, жан-жануарлар мен құстардың тыныс-тіршілігіне қарап болжаған. Мұндай болжамдарды көне көз қарияларымыз әлі де айтып келеді. Бүгін күн райын күнге қарап қалай болжағаны туралы айта кетпекпіз. 

Күн – қасиетті аспан денесі болып саналады. Бабалар күн арқылы да, күн райын болжап келген. Бұл жайында "Артық болмас білгенің" рухани-танымдық жинағында кеңінен жазылған. 

***

Таңертең аспан ашық, күн ақшылтым, сәулесі өте өткір болып келсе, күн райы бұзылмай, күн жақсы боларын білген.

Таңертеңгі күн күндегісінен үлкендеу көрініп, қызыл күрең өңге боялып, сәулелері жоғары шашырап тұрса, сол жылы жаз жауынды, қыс қарлы болады деп күткен.

Күн шыққанда және батқанда да екі жағынан бірдей тік сәулеленіп өңді болып көрінсе, кешікпей күн суытады.

Күн батарда әр жерінен шоғырланған сәулелер көрініп, шарбы бұлт тәрізді сәулеленсе, күн райының бұзыларын білген.

Күн күлгінденіп батса, күшті жел болу белгісі.

Күн шығар алдында бұлыңғыр болса, бұл күні тұмша ыстық болады деп күткен жөн.

Күн батарда күлгін, алтын түсті болып, артынша жасыл күлгінге айналып батса, ертесіне түн салқын болып, күн жайлы, жауын – шашын болмайтындығын болжаған.

Күн құлақтанар болса, күн суытып, боранды немесе аязды күндер келерін білген.

Күн кешке құлақтанып батса, ертеңіне күн райы жақсармақ.

Күн батар кезде, аспан бұлтты болғанмен де, аспанның оң жағы бұлтсыз болса, күн бәрібір ашық боларын тұспалдаған.

Күн қызарып батса, ертеңіне аспан ашық, жайлы күн болады.

Күн бұлттың ар жағына барып қызарып батса, жазда жауын жауып, қыста боран соғарының белгісіне балаған.

Күн батарда, бұлттар бытыраса, түнде жауын жаумақ.

Күн үш күн бойы қордаланып көрінсе, жел күшейіп, аспан түнеріп, жауын-шашын боларын, қыста қар боларын күткен.

Қордаланған сәуле шеңбері азайса, кешікпей жауын жауарын, үлкейсе, жауын кешеуілдеп сейілерін білген.

Күн батарда көкжиектен қызыл шапақ атып, ашық болса, күн райы жылы боларын білген.

Күн көзі мұнартып шықса, ыстық көтерілерін күткен.

Күн қызыл шапаққа оранып батса, ертесіне ыстық боларын болжаған.

17 қыркүйек 2020 ж. 1 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031