» » Қазақстандықтар ауа райы болжамын видео арқылы біліп отырады

Қазақстандықтар ауа райы болжамын видео арқылы біліп отырады

1 шілдеден бастап «Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша ауа райын болжамын ұсынудың жаңа форматына өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан бойынша алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы күнделікті видео, аудио түріндегі жаңа форматта (ұзақтығы - 1 мин) беріледі.
 «Онда ғарыштан суреттер және ауа райын болжаудың цифрлық әдістері пайдаланылады. Болжам мемлекеттік және орыс тілдерінде «Қазгидрометтің» ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшалары - Instagram, VKontakte, Facebook-ке салынып отырады. Алдағы үш күнге арналған күнделікті болжам сағат 19.00-ге дейін шығады» делінген хабарламада.
Жаңа форматтың мақсаты - халықты ертең қандай ауа райы күтіп тұрғаны жайлы ақпараттандыру, жылы киіну керек пе, әлде қолшатыр алу керек пе, немесе ыстық ауа райына дайындалу қажет пе - сол жайында ақпарат беріп отыру. Сондай-ақ, «Қазгидромет» синоптиктері Қазақстан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін видео, аудио арқылы қауіпті табиғи құбылыстар туралы (нөсер жауын, күшті жел, найзағай, дауыл, бұрқасын, шаңды дауыл, үсік, тұман, бұршақ, температураның күрт төмендеуі/көтерілуі) ақпараттандыратын болады.  

01 шілде 2019 ж. 953 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 741
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 104

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031