» » Сіз қате қолданып жүрген сөз тіркесі

Сіз қате қолданып жүрген сөз тіркесі

Қоғамда орысша ойлайтын жандар аз емес. Олар сөйлегенде орысша сөз қолданыстарын қазақшаға аударамын деп қателесіп жатады. Енді біреулері қате сөз қолданысы екенін аңғармай жүруі мүмкін. 


Бүгінгі мақаламызда тілдегі калька туралы айтамыз. Калька – сөзбе-сөз аудару. Осы тұста қазақ тілінің синтаксистік құрылысы орыс тілінің синтаксистік құрылысына мүлде ұқсамайтынын, тіпті, жуықтамайтынын айтқымыз келеді. Тілімізде сөйлемдегі грамматикалық мүшелердің орналасу тәртібі қалыптасқан.
Мәселен, бастауыш алдыңғы позицияда, баяндауыш соңғы позицияда орналасады. Сол сияқты, анықтайтын сөз анықталатын сөздің алдында орналасады. Ал орыс тілінде керісінше, бұндай сөз тәртібі сақтала бермейді. 


Орыс тілінде «Я думаю, ...» деп пікір білдірсе, қазақтар «Мен ... деп ойлаймын» немесе «Менің ойымша, ...» деп пікір білдіруі тиіс. Бірақ, өкінішке орай, тілдік қолданыста «Мен ойлаймын, ...» деп қолданып жүр.
Мысалы: Менің ойымша, адамдар сауаттылыққа мән беруі керек. Адамдар сауаттылыққа мән беруі керек деп ойлаймын. 
Бұл – сауатсыздықтың бір белгісі. Қай тілде сөйлесең, сол тілдің заңдылықтарын бұзбай, таза күйін сақтағанға не жетсін!

14 қыркүйек 2020 ж. 1 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930