» » Алғаш рет орыс тілінде сөйлеген Тамара Асарға жұрт таңырқап қалды

Алғаш рет орыс тілінде сөйлеген Тамара Асарға жұрт таңырқап қалды

Отандық танымал әнші алғаш рет ресми тілде сұхбат беріп, жұртшылықты таңғалдырды. Бұрын-соңды еш жерде журналистермен орысша тілдеспеген Тамара Асарға жұрт тәнті етті.
Бұған дейін БАҚ өкілдерімен тек қана қазақ тілінде сұхбаттасып келген Тамара Асар отандық музыкалық арнаның марапатында ресми тілде сайрады.
Muzzone арнасының ұйымдастырған марапаттау рәсімінде музыкаға қосқан елеулі үлесі үшін арнайы сыйға ие болған әнші өз қуанышын жасырмады. Көптің арманы болған марапатты жеңіп алған Тамара Асар сахна артына шыққанда, ресми тілде сұхбат беруге келіскен көрінеді.
Қазақстандық шоу-бизнестің жарқын жұлдызы журналистің сауалдарына орысша жауап қайтарды. Сұхбаттың түсірілімі желіге тарап, көпшіліктің таңданысын тудырған.
Желі оқырмандары Тамара Асардың орыс тілінде де мінсіз сөйлейтініне тәнті болған.
"Орысшаңыз тамаша екен ғоЙ. Сізді орыс тілінде сөйлей алмайды деп ойлап келсем" "Жап-жақсы сөйлеп тұр. Керемет әншісіз. Жеңісіңіз әділ" "Қазақша сөйлеп жүрген соң, орысшасы қызық екен. Бұрында естіп көрмеген соң", - деп жазды оқырмандар.

29 тамыз 2018 ж. 1 931 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 743

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031