» » Некеге тұрған дұрыс па, әлде неке маңызды емес пе – Кім, не дейді

Некеге тұрған дұрыс па, әлде неке маңызды емес пе – Кім, не дейді


Қазақстандықтардың көбі некеге тұру міндетті екенін айтты.
Фотография - Некеге тұрған дұрыс па, әлде неке маңызды емес пе – Кім, не дейді
Заман өзгерген сайын адамдардың некеге деген көзқарастары да өзгерді. Көп елде адамдар бүгін некеге отырса, ертең ажырасып жатады. Кейбіреулер болса жылдар бойы ресми некесіз бірге өмір сүре береді. Today.kz тілшісі қазақстандықтар арасында сауалнама жүргізіп, олардың заңды некеге деген көзқарасын біліп көрді. 
Нәзік жандылар некені маңызды деп ойлайды. 
Астаналық Татьяна Александрова 19 жаста, ол тұрмысқа шықпаған, бірақ жартысын жолықтырса, оны АХАЖ бөліміне апаруға ниетті екенін білдірді. 
"Неке міндетті түрде болуы керек деп ойлаймын. Қыз бала үшін бұл өте маңызды. Ол дегеніміз – ертеңгі күнге деген сенімділік. Көп еркек некені маңызды деп есептемейді, ештеңе өзгермейді ғой. Бірақ менің ойымша, қалай болғанда да жауапкершілік пайда болды, дегенмен бәрі адамға байланысты", – дейді бойжеткен. 
Фото -

24 жастағы Жазира Оспанова да тұрмыс құрмаған, ол романтиканы қалайтынын айтты. 
"Менің ойымша тұрмыста рахат сезіміне бөлей алатын, сені бақытты қыла білетін өз адамыңды тапқанда барып тұрмысқа шығу керек немесе үйлену керек деп есептеймін. 
Оны тапқан күннің өзінде арқаны кеңге салудың қажеті жоқ, бәрін қабылдай білу керек. Адамдар жыл өткен сайын өзгеріп, басқа адамға айналады 
Бұдан қашудың ең тиімді жолы – некеге тұрып, бірге даму, бірге өркендеу", – деді алматылық ару.  
67 жастағы Валентина Семиреченко 45 жыл бойы күйеуімен тұрады. 
"Заң бойынша некеге тұруды қолдаймын! Той дегеніңіз әр адамның мүмкіндігіне байланысты. 
Отбасында дүниеге келген бала да тең құқылы әке мен шешеге ие болады
Консервативті түрде ойлап отырған болармын, сондықтан да той жасамай бірге тұру дегенді түсінбеймін", – деді Алматы облысында тұратын зейнеткер.
Фото -

Әнуарбек Бейітқожанов үш жыл бұрын үйленген, бұл оның өміріндегі ең маңызды қадам екеніне сенімді. 
"Үйленген кезде аса ауыр жауапкершілік арқалайсың. Көп достарым үйленген, оларға қарап отырып жайдан-жай ештеңе болмайтынын түсінемін. Біреу некеге тұру шешімін қабылдайды, енді бір адамға тағдыр "бала" деген сыйлықты береді. Сондай кезде ешқайда бұрыла алмайсың, үйленіп, балалы болып, бала тәрбиесімен айналысу керек. 
Менің ойымша, азаматтық некеден бастау керек, сосын барып маңызды шешімді қабылдаған жөн 
Қалай болғанда да ерте ме, кеш пе бір шешімге келу керек, той мен ажырасудың бірін таңдау қажет", – деді 35 жастағы алматылық. 
Жаңаөзендік Дмитрий Маслов 23 жаста, ол үйленуге асықпайды. 
"Үйлену міндетті емес деп ойлаймын. Қыздар неке маңызды деп ойлайды, өйткені көбіне балаға алаңдайды, бала отбасында дүниеге келуі керек қой. 
Кейде әйелдер тұрмысқа шығу үшін екіқабат болып қалып жатады, бірақ соңында бармақтарын тістейді. Бұндай оқиға көп болған. Олар бірге тұрмайды, ал бала болса, толыққанды отбасында өспейді. Бұл жақсы емес
Сондықтан некеге тұруға асықпау керек. Менің ойымша, 25 жасқа дейін үйлену туралы ойламаған жөн", – деп мәлімдеді Дмитрий. 
20 қараша 2018 ж. 1 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031