» » Бала үлгерімін арттыратын амалдар

Бала үлгерімін арттыратын амалдар

Көптеген ата-аналар балаларының қандай типтегі оқушы екенін біле бермейді. Оқу жүйесі онлайнға ауысқан қазіргі таңда ата-аналардың жағдайы тіпті қиындай түсті. Әр баланың ақпаратты қабылдау ерекшелігі әр түрлі. Cондықтан балаңыздың айтылған дәріс пен сабақты қалай қабылдайтынын біліп алсаңыз, оқу үлгерімі жөніннен сізде аса бір қиындық болмайды және артық алаңдамайсыз.

Бала айналаны қабылдау жағынан 4 типке бөлінеді. Визуалды, аудиалды, кинестетик және дигиталды.

1. Визуалды (көру) 

Визуалды балалар көзбен көргенді тез есте сақтайды. Бұл олардың суреттері бар кітаптарды жақсы көреді деген сөз емес. Яғни кез келген нәрсені визуалды компоненттермен байланыстыруға тырысады. Ол компоненттер: графика, кестелер, түрлі-түсті түстермен берілген мәтіндер, видео, презентациялар, фотосуреттер т.б. Мектепте оқытушы сабақты түрлі іс-қимылдармен түсіндірсе де, визуалды оқушы берілген ақпаратты тез қабылдап алуға бейім келеді. Балаңыз осы типке жататын болса, үй тапсырмасын орындайтын бөлмесіне барлық ыңғайлы жағдайды жасаңыз. Жұмыс үстеліне кеңсе тауарларының, яғни қағаз, дәптер, түрлі-түсті стикерлер, қыстырғыш және жазба жабдықтары маркер, қарындаштар мен  магниттік тақта сатып алып беруге болады. Сонымен қатар «YouTube» желісінен танымдық видеосабақтар, деректі фильмдер көрсетсеңіз болады және үлкен күнтізбе сатып алыңыз. Оған сабақ кестесі мен үй тапсырмасын орындайтын уақытты жазып қойыңыз. Бұл баланы қосымша жүйелілікке үйретеді.

2. Аудиалды (есту) 

Аудиалды балалардың басқалардан басты айырмашылығы ақпаратты дыбыстар арқылы жақсы қабылдайды. Мұндай балалар өте қырағы келеді. Олар ән айтқанды, тыңдағанды және сөйлегенді ұнатады.Сонымен қатар олар адамдармен көп сөйлессе, жеке дамуына көп көмегін тигізеді. Мұндай балалардың көпшілігі сынып бөлмесіне кіре сала, достарына демалыс күнін қалай өткізгенін және үй тапсырмасын қалай орындағанын айтуға асығады. Егер де балаңыз аудиалды типке жататын болса, үй тапсырмасын орындап жатқанда тыныштықты қадағалаңыз. Яғни үй тапсырмасын орындап жатқанда ешқашан теледидарды қосуға болмайды. Қосымша ретінде балаңызға плеер сатып алып, аудиокітаптар мен аудиосабақтарды жүктеп берсеңіз болады. Сонымен қатар оның берілген тапсырманы қалай тез меңгеріп алатынын тексеріңіз. Бірінші – дауысын шығарып оқытып, мәтіннен не түсінгенін қысқаша айтып беруін өтініңіз. Екінші – іштей оқытыңыз. Балаға дем беру үшін үй жұмысының әр бөлігін орындаған сайын қолдап отырыңыз.

3. Кинестетик  (дене сезімі)

Мұндай балалар айналадағы барлық заттың дәмін татып, қолмен ұстағанды ұнатады. Кинестетиктер әсершіл, бәрін жүрегіне жақын қабылдайды. Сонымен қатар олар коллекция жинап, табиғат аясында болғысы келеді. Балаңыз осы типке жататын болса, тәжірибелік тапсырмаларды көбірек орындатқаныңыз жөн. Иллюстрациялы энциклопедиялар, Discovery жанрындағы деректі фильмдер көрсеткен де дұрыс. Сонымен қатар баланың сабақ оқитын, жұмыс істейтін үстелі қолайлы, оқулықтары мен сөздіктері оңай алынатын және жақын жерде болғаны жөн.

4. Дигиталды

Дигиталды балалар мәтінді кітаптың қай бетінде, қалай орналасқанына дейін есте сақтап алады. Олар кітапты көп оқиды. Үлестірмелі материалдарды орындағанды, ұзақ мәтінді жазып отырғанды ұнатады. Көп ақпаратты сандармен, логикалық ойлаумен қабылдайды. Бүгінде психологтар дигиталды балалардың саны көп еместігін айтады. Егер де балаңыз дигиталды болса, оның мазасын алмауға тырысыңыз. Баланың әрбір жетістігінің артында міндетті түрде ата-анасы тұратынын ұмытпаңыз.

21 тамыз 2020 ж. 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 092

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031