» » Абай мұрасы – халық ұлағаты

Абай мұрасы – халық ұлағаты

ЖОСАЛЫ, 7 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Еліміздің әрбір аумағында ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай түрлі шара өтуде. Соның бірі – К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің ұйымдастыруымен өткен «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы. Оған аудан көлеміндегі барша білім ордасынан 80-ге жуық оқушы қатысты. Аталған байқаудың мақсаты – жас буын өкілдеріне Абай өлеңдері мен қара сөздерін, поэмаларын насихаттау, оларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстырып, шығармашылық қабілетін дамыту. Абай шығармашылығын жүрегімен түйсініп, көңілге ұғынып, жадында сақтаған болашақ ұрпақтан күтер үміт мол.
   Өрендер 3 кезең бойынша бақ сынасты. «Білімдіден шыққан сөз» деп аталған алғашқы кезеңде шәкірттер ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Абайдың 100-ден аса өлеңімен қатар, «Ескендір» поэмасын, бірнеше қара сөзін жатқа айтқан дарынды да талантты өрендер талайға таңдай қақтырды. Бұл кезең бойынша ІІІ орынды №183 мектептің оқушысы Қуаныш Тасбергенов иеленсе, ІІ орынды №250 мектеп-лицейдің оқушысы Нұрби Кеңесбаева мен №277 мектептің оқушысы Мерей Алдамжарова місе тұтты. Ал жүлделі І орынды №29 мектептің оқушысы Іңкәр Бижан қанжығасына байлады.
   Сайыстың «Өлеңге әркімнің де бар таласы» атты екінші кезеңінде оқушылар Абайға арналған жыр шумақтарын жатқа оқыды. Абай даналығын жүрегіне қондырып, өз өлеңіне арқау етті. Аталған кезеңде ІІІ орынды №274 мектептің оқушысы Жанель Тоқтар иемденсе, ІІ орынға №121 мектептің оқушысы Еркебұлан Серіков лайық деп танылды. Ал жас ақындар арасынан І орынды №106 мектептің оқушысы Ақерке Бақбергенова жеңіп алды.
   Байқаудың үшінші кезеңі «Әсем ән мен жыр тербеп» деп аталды. Бұл кезеңнің шарты – Абай әндері мен жырларын Сыр сүлейлерінің мақам-сазына салып орындау. Сыр жауһарларын бойына сіңіріп өскен өрендер сайыстың бұл кезеңінде де мүдірген жоқ. Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша ІІІ орын №80 мектептің оқушысы Диас Төлегеновке бұйырса, ІІ орынға №121 мектеп оқушысы Айдана Амантай ие болды. Ал дарындылар арасынан оза шапқан №273 мектептің оқушысы Айбол Оралбекұлы жүлделі І орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлығымен марапатталды.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ

07 наурыз 2020 ж. 1 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031