» » Бейтаныс нөмірден келген қоңырауға қалай жауап беру керек?

Бейтаныс нөмірден келген қоңырауға қалай жауап беру керек?

Егер бейтаныс нөмір қоңырау шалып, біртүрлі сұрақтар қойса, жеке мәліметтерді білгісі келсе, оны ұры-қары не ниеті жаман адам деуге негіз бар. Өйткені қазір телефон арқылы қылмыс жасау оңай. Сақтықта қорлық жоқ.


Банк картасы туралы мәлімет бермеу
Бейтаныс адамға атыңды, тегіңді, әкеңнің атын, төлқұжатта көрсетілген нөмірлерді айтуға болмайтыны сайттарда жазылып, теледидарда айтылып жүр. Банк картасының нөмірін, ондағы ешқандай ақпаратты сұрауға ешкімнің хақы жоқ. Тіпті банк қызметкерлерінің де құпиясөзді сұрауы заңсыз боп есептеледі. Ең бастысы, банк картасының артында жазылатын үш цифрлы CVC кодын жасырын ұстаңыз.
SMS ретінде келген кодты айтпау
Егер:
• ұтыс туралы (Құттықтаймыз! Сіз ***** маркалы автокөлік ұтып алдыңыз. Толығырақ +77********* нөміріне хабарласыңыз);
• вирус шабуыл (Сізге ашықхат келді. Сілтемеге өтіңіз http//*****);
• көмек сұрау (Анашым, жағдайым қиын. Осы нөмірге дереу ақша жіберіңіз, кейін хабарласамын);
• карта бұғаттау (Сіздің картаңыз бұғатталды. Осы нөмірге хабарласыңыз +77*********);
• ақшаны қайта жіберу (Алдымен шотыңызға осынша ақша түсті деген хабарлама келіп, артынша қателесіп кеттіппін, ақшамды қайта өзіме жіберіңіз, өтінемін) деген мазмұндағы хабарламалар келсе, сенбеңіз. Телефоныңызға хабарлама ретінде келген кодты сұраушыларға да ешқандай ақпарат бермеңіз. Айттыңыз бітті, шоттағы бар ақшадан қағылдым дей беріңіз.
Бейтаныстың сұрақтарына "Иә" деп жауап қатпауға немесе бір сөзді бірнеше рет қайталап айтпауға тырысыңыз
Әдетте алдамшылар әңгімені "сұрақ-жауап" түрінде жүргізеді. Өзінің құрбан болғалы тұрғанын білмейтін жан оған автоматты түрде "иә, иә" деп жауап береді. Ал оған керегі де осы. Бір сөзді бірнеше рет қайталату арқылы ол ұқсас дауысты нақты бір адамның дауысы екеніне дәлел ретінде қолданып, сіздің атыңыздан қалағанын істеуі мүмкін. Сондықтан "иә" деген сөз орнына "түсінікті", "дәл солай", "келісемін" деген секілді сөздермен жауап беріңіз. "Дауысым анық естіліп тұр ма?" десе, "иә" емес, "естіліп тұр" деп, "сөйлесу ыңғайлы ма?" десе, "ыңғайлы" деп жауап берген абзал. Сонда қарақшыға көздеген мақсатына жету қиын болады. Сізге қоңырау шалған адам емханадан хабарласып тұрғанын айтып, сізде не жақын туысыңызда қауіпті ауру бар екенін, оған тек өзі айтқан дәрі ғана көмектесетінін айтуы мүмкін. Есіңізде болсын, нағыз дәрігер ешқандай диагнозды да, оны емдеу жолын да телефонмен хабарламайды. Жақын адамыңыз қамауға алынды, ауруханаға түсті, апатқа ұшырады деген сөзге де бірден сенбеңіз, оның үстіне сізден айыппұл төлеуді не пара, не кепіл ақша талап етсе, жалған ақпарат екеніне еш күмәніңіз болмасын. Телефоныңызға келген қоңырау не хабарлама мұқтаж балаларға көмек ретінде шотқа ақша аудару туралы болса, оған көңіл бөлмеңіз, бұл да алаяқтар қолданатын бір әдіс. Қомақты қаржы не сый ұтып алғаныңызды айтып хабарласқан адамдарға да сенбеңіз. Олар сыйлығыңызды алу үшін хабарлама жіберіңіз не осы нөмірге қоңырау шалыңыз дейді. Сыйлықты жеткізу құнын төлеу үшін поштаға салатын ақшаны не курьердің қызметін осы шотқа төлесеңіз, тез арада сыйлығыңыз жетеді дейді, мұның бәрі далбаса.
17 қаңтар 2020 ж. 722 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031