» » Кітап оқудың қандай пайдасы бар?

Кітап оқудың қандай пайдасы бар?

Кітап оқу адамдарға мақала оқу мен фильм көргеннен гөрі, басқаша әсер береді. Адамның даму бағытын өзгертеді. Кітап оқу жазуды үйретеді:Қазір жастардың арасында жазуға құмартатындар көп. Соның ішінде, жазушы, сценарист әрі блогер болуды армандайтындар бар. Жазушылық дағдысын дамыту үшін олар жазуға көбірек көңіл бөледі де, кітап оқу міндетті екенін естен шығарып алады. Стивен Кинг жас жазушыларға кеңесінде тек оқу мен жазу көмегі арқылы жазушы болуға мүмкіндік барын айтқан еді. Кейбір адамдар мұнымен келіспейді. Сценаристке классиканың керегі не деп ойлайды? / Бірақ, жазушылыққа құмар адам міндетті түрде кітап оқу арқылы тәжірибе жинауы тиіс. Оқу – шабыт көзі:Бірақ, электронды мақалалар мен визуалды медиа ғасырында кітапты қалай оқуға болады? Әрине, кітапты сүйіп оқитындар мұның маңызды екенін атап көрсетеді. Дегенмен, арамыздан кітап оқуға күші мен уақыты жетпейтіндер табылатыны анық. Бір жағынан біздің айналамызда болып жатқан оқиғалардан құр қалмауымыз керек. Бірақ, бұқаралық ақпарттар құралдарының беретін мәліметіне әр уақытта сақтықпен қарауды естен шығармаған жөн. Ал, кітаптар да көбіне шындық жазылады. Шындық, әрине, тура жеткізілмейді. Бірақ, түсінген адам ақиқатты аңғара алады. Кітап та БАҚ түрі. Бірақ, ең ерекше бағыт. Одан алған әсер мақалалардан әсерге ұқсамайды. Көп адам үшін кітап оқу шабыт сыйлатын негіз болып қалмақ. Мүмкін сіз әлі өзіңіздің жаныңызға жақын шығарман кездестірмеген боларсыз. Кітапты оқуды тоқтатпаңыз. Сонда ғана есіңізде мәңгі сақталатын, сіз қиналған сәтте жұбаныш болатын туындыны табасыз.

02 желтоқсан 2019 ж. 4 036 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 519

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930