Шудың адам денсаулығына зияны

Шудың адам денсаулығына зияны
Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шуды ңұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.
Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.
1.Дәрежесі – есту ағзасына шудың әсер ету белгілері. Қарқынды өндірістік жағдайында шумен жұмыс істейтін жұмысшыларда осы түрі қолданылады. Естудің бұл жағдайы сөзді қабылдау аймағында естудің босағасы 10 дейінгі дБ жоғарлауы, 4000Гц - тен 50 дБ(±20); сыбырлап сөйлеуді қабылдау 5м дейін (±1).
2.Дәрежесі - Естудің жеңіл дәрежелі төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының 11 ден 20 дБ жиілігінде, 4000 Гц 60-қа дейін дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 4 м (±1) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.
3.Дәрежесі-Естудің шамалы төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының 21 ден 30 дБ жиілігінде, 4000 Гц 65 дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 2 м (±1) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.
4.Дәрежесі – айқын дәрежелі естудің төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының 31 ден 45 Дб жиілігінде, 4000 Гц 70 дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 1 м (±0,5м) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.
Өзіңізді шамадан тыс шу деңдейінен сақтаңыздар. Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда.