» » Дипломдық жұмыс және диссертация жоспарын құру

Дипломдық жұмыс және диссертация жоспарын құру

Дипломдық жұмыс және диссертация жоспарын құру
Еліміздегі жоғарғы оқу орындарында дәл қазір бакалавр және магистрант студенттер үшін қызу жұмыс кезі. Себебі бірі диплом жұмысын жазып жатса, бірі диссертация жазып әлек болып жүр. Ғылымға бет бұрған жастар үшін бұл үлкен қадамдардың бірі. Дегенмен әлі де болсын жұмыстарын бастай алмай жүрген, жоспарды қалай құру керектігін түсіне алмай жүргендер де бар. Біздің бүгінгі кеңесіміз жоспарды қалай құруға бағытталады.
Диплом және диссертация  жұмыстары  Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы бітіруші түлектер үшін жазуы міндетті тапсырмаларының бірі. Сонымен бакалаврдың диплом жұмысын жазу үшін жоспарды қалай құруы керек: (үлгі)
МАЗМҰНЫ 
Кіріспе  
І тарау. Постмодернизм және қазіргі қазақ әдебиеті
1.1.     Т.Әбдіков шығармашылығындағы постмодернистік дискурс
1.2.     М.Мағауин, А.Алтай, Д.Амантай шығармашылығындағы жаңашыл бағыттар

ІІ тарау. Төлен Әбдіктің көркем прозасындағы постмодеринстік әуендер
2.1.    «Оң қол» әңгімесіндегі психологизм, авторлық концепция
2.2.   «Парасат майданы», «Ақиқат» повестерінің структурасы мен типологиялық негізі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар «Кіріспе» бөлімінен басталады. Одан кейін оны 2 не 3 бөлімге бөлесіз. Күрделі болса тарау көп болғаны артық етпейді. Дегенмен шағын әрі нақты деректер келтіріп, зерттеу жұмысын жасауға 2 тарау толығымен жетеді.
2 үлкен тараудың 1.2-2.2 деген кіші бөлімі болады. Үлкен тарау мен бөлімнің айырмашылығы тарауда негізгі тақырып айтылады. Ал бөлімдер арқылы сол тақырыпты ашуға жұмыс істейсіз.
І тараудың мақсаты қандай: бұл тарау мен бөлімде негізі жұмыстың теориялық жағын қарастырасыз. Мәселен жоғарыдағы үлгіде көрсетілгендей аталған тақырыптың теориясы туралы материал жинап, әдебиеттер бойынша сараптама жасайсыз.
ІІ тарауға не жазу керек: бұл тарау мен бөлімде тақырыптың негізгі көрінісін сипаттайсыз, яғни жұмыстың басты бөлігі де осы жерде. Тақырып ашу, ғалымдардың еңбегін пайдалану, зерттеу еңбектер, сіздің ойыңыз, жұмысты зерттеу бағытыңыз – бәрі осы бөлімде айқындалады.
Ал диссертация талабы бойынша бұл жоспар сәл күрделенеді. Дәл осы үлгіде тек бөлімдер санып көп болуы мүмкін немесе басты тараулар барынша ғылыми тілде беріледі.
Екі жұмысқа да ортақ нәрсенің бірі үлкен тараудан кейін бөлімдердің саны бірдей болғаны абзал. Мысалы І тарау бойынша 1.2., 1.2. деп берсеңіз ІІ тараудағы бөлімдеріңіз де осылай жазылуы керек 2.1., 2.2.
12 ақпан 2018 ж. 2 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031