"Канело" чемпиондық атағынан айырылды

Бос тұрған белбеуге рейтингтің көшбасшылары таласуы керек. Тізімге қарасақ "Канелодан" кейін Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин тұр. Яғни осы екеуі жұдырықтасуы тиіс. - Бұл кездесу 5 қазан күні Нью-Йоркте өтуі мүмкін деген мәлімет бар. Бірақ, білесіздер, өткен жылы Геннадийге де IBF белбеуі керек болмаған-тұғын. Ол кезде де міндетті қарсылас Сергей болатын. Бірақ Головкин ол жекпе-жектен бас тартты. Енді қалай болады екен? – деп жазады спорт журналисі Уалихан Қосанбай. "Канело" соңғы рет 4 мамыр күні америкалық Дэниель Джейкобспен жұдырықтасты. Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетіп, чемпиондық атақтарын сәтті қорғап қалған болатын.