» » Головкиннің IBF белбеуімен қиындықтары неден болғаны айтылды

Головкиннің IBF белбеуімен қиындықтары неден болғаны айтылды

Орта салмақта жұдырықтасатын украиналық боксшы Сергей Деревянченконың (12-0, 10) промоутері Лу Дибелла Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) қазақстандық Геннадий Головкиндегі ұйым белбеуіне қатысты шешіміне пікір білдірді. Мұның алдында IBF орта салмақта осы ұйым белбеуіне ие Головкинге бірнеше шартты орындаса, Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жекті кейінге қалдыруға рұқсат берген. Ең бастысы Головкин чемпиондық атағын 2018 жылдың 3 тамызына дейін қорғау керек. Олай болмаған жағдайда қазақстандық белбеуінен айырылады. Деревянченко командасы IBF ұйымының бұл шешіміне қанағаттанды және Головкинді атағынан дереу айыру туралы сұраған жоқ. «Түсінеміз, бұл жағдайда Головкин кінәлі емес. Кінә «Канелодан». Бірақ біз міндетті қарсыласпыз және осы атақ үшін жұдырақтасуға құқымыз бар. Деревянченко бос тұрған белбеуге таласқысы келмейді. Оның арманы – Головкинмен жұдырықтасу», – дейді Дибела. Өзінің келесі жекпе-жегін Головкин 5 мамырда Карсон қаласында (АҚШ, Калифорния штаты) америкалық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 KO) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте қазақстандық тек үш атағын қорғайды, өйткені IBF бұл жекпе-жекке рұқсат бермеді.

02 мамыр 2018 ж. 1 087 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930