» » Руслан Жанғазов желкенді спорттан тұңғыш Азия чемпионы атанды

Руслан Жанғазов желкенді спорттан тұңғыш Азия чемпионы атанды

Сингапурда желкенді спорттан Азияның ашық чемпионаты өтіп, қазақстандық спортшы тарихта тұңғыш рет алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Руслан Жанғазов желкенді спорттағы laser standard бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы алтынды жеңіп алды.
«Чемпионатқа жалпы есебі 12 елден спортшылар қатысты. Менің бағдарламамда бес елдің өкілдері бақ сынады. Атап айтар болсақ, Жапония, Маврикий аралдары, Индонезия және Италия спортшыларына қарсылас атандым. Жалпы алғанда, қарсыластардың да әлеуеті жоғары. Мысалы, жапондар әлем чемпионатына тұрақты түрде қатысады. Осындай сында алтын алу мен үшін үлкен мәртебе. Чемпионатқа дайындық жаттығу залында өтті. Өйткені, қыс айларында біздің спорт өкілдері үшін қиындау. Дегенмен, осындай кедергілерге қарамастан чемпион атанғаным үшін қуаныштымын. Жапондар менің әлеуетімді жақсы бағалап, әлем чемпионатына қатысуға шақырды. Жалпы алғанда, елге медаль әкелсем деген ойым орындалды», - дейді Руслан Жанғазов.
Бұдан бөлек, Қазақстан атынан сынға түскен Карина Жанғазова 8-ші, Владимир Щанкин 13-орыннан көрінді.

10 наурыз 2019 ж. 954 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 278
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 191

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031