» » Ұлттар кубогында 13 медаль жеңіп алды

Ұлттар кубогында 13 медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Ұлттар кубогында 13 медаль жеңіп алды
Сербияның Врбас қаласында жасөспірімдер арасында екінші рет ұйымдастырылған "Ұлттар кубогы" турнирі аяқталды. 15-20 тамыз аралығында өткен Сербиядағы халықаралық жарысқа 26 елдің өкілдері қатысып, 200-ден астам спортшы бақтарын сынады. Байрақты бәсеке Драго Йовович атындағы спорт кешенінде өтті. 
Турнирге 2002-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер қатысты. Көбі Еуропа елдерінің өкілдері. Олар үшін бұл турнир алдағы Еуропа біріншілігі алдындағы жақсы дайындық болып отыр. Сонымен қатар, жарысқа АҚШ пен Маврикия елінің өкілдері, Азия құрлығынан Қазақстан, Өзбекстан және Индия спортшылары қатысты. 
Финалда 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетіп, халықаралық турнирдегі үздік нәтижені көрсетті. Жас боксшыларымыз 7 алтын, 1 күміс, және 5 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынды иеленді. 60 келі салмақта өнер көрсеткен Сұлтан Бабаханов финалда АҚШ боксшысы Брион Каротерсті жеңіп, турнирдің ең үздік боксшысы атанды. Ал Нұржан Амангелді (63 кг) ақтық кездесуде АҚШ спортшысы Касин Голдстоунды жеңіп, сапалы бокс көрсеткені үшін марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Ерболат Сабыр (50 кг) – алтын
Алмаз Ұзыханов (54 кг) – алтын
Сұлтан Бабаханов (60 кг) – алтын
Нұржан Амангелді (63 кг) – алтын
Әмир Болатов (66 кг) – алтын
Евгений Приходько (75 кг) – алтын
Аманат Сабырғали (+80 кг) – алтын
Ерасыл Танкай (52 кг) – күміс
Бауыржан Сәтжанов (57 кг) – қола
Мейіржан Айдар (60 кг) – қола
Илья Киселев (70 кг) – қола
Ерасыл Жакпеков (75 кг) – қола
Георгий Аушев (+80 кг) – қола
21 тамыз 2018 ж. 1 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 419
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 223

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930