» » «QYZYLORDA OPEN-2018» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛДЫҚ БИ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«QYZYLORDA OPEN-2018» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛДЫҚ БИ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қызылодада алғаш рет облыс әкімінің Кубогы үшін «QYZYLORDA OPEN-2018» халықаралық балдық би турнирі өтті.
Турнирге ТМД елдері Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстаннан және республиканың өзге облыстары Астана, Тараз, Шымкент, Қарағанды т.б. қалаларынан 500-ге жуық адам қатысты. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен және ҚР ұлттық билері кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған турнир Астана қаласының… 20 жылдығы мен Қызылорданың 2 ғасырлық мерейтойына арналған. Ұйымдастырушы – облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. Қатысушылар 5-25 жас аралығында. Алғаш боп алаңға кішкентай бишілер шықса, онан кейін жасөспірімдер мен ересектер өнерлерін көрсетті. Сайыскерлердің өнерін Қазақстан және ТМД елдерінің білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы, барлығы 24 төреші бағалады. Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға барлығы 199 медаль табысталды. 69 жұп алтын медаль иеленсе, оның 27 қызылордалық бишілер жеңіп алды.
Жүлдегерлер иеленген 84 күміс және 46 қола медальдың 45 күмісі және 16 қола медаль қызылордалықтарға бұйырды. Командалық есепте жүлде саны бойынша Қызылорда облысы көш бастады. Шымкент және Тараз командалары екінші және үшінші орындарды иеленді. Украинаның қатысушылары 6 медальға ие болды, оның ішінде көрермендерді таң қалдырған Н.Коваленко және С.Лагутаның өнерлері "алтынға" бағаланды. Ресей қатысушылары 4 медальға ие болды, ерекше көзге түскен М.Максимов пен К.Тараканов алтын медаль иеленді. Өзбекстан командасының қоржынында 6 медаль, оның ішінде түрлі категорияда өнер көрсеткен А.Самойленко, А.Иванов, А.Чепчикова 4 алтын медальға қол жеткізді.
02 сәуір 2018 ж. 1 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930