» » 5 алтын: Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы

5 алтын: Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы

Сербиядағы турнирде топ жарды Сербияның Сомбор қаласында әйелдер боксынан «Ұлттар кубогі» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Бұл сында Қазақстан құрамасы 5 алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz


Турнир қорытындысы бойынша, Алуа Балқыбекова (48 келі), Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) және Ләззат Күнгейбаевалар (+81 келі) чемпион атанды.

51 келідегі финалдық жекпе-жекте әлем чемпионы Назым Қызайбай өзінің отандасы Ангелина Лукасқа есе жіберді. 

Алуа Балқыбекова финалда ресейлік Юлия Чумгалакованы жеңсе, Дина Жоламан төрешілер шешімімен венгриялық Сабина Шуцстан басым түсті. 

Турнирдің үздік боксшысы атанған Римма Волосенко хорватиялық Сара Берамнан мықтылығын дәлелдеді. Аса ауыр салмақтағы Ләззат Күнгейбаева ресейлік боксшы Александра Дмитриевадан алтынды тартып алды. 

Осылайша, 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленген бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы есепте көш бастады. Екінші орында Ресей, үшінші сатыда Сербия құрамалары орналасқан. 
Қазақстандық боксшылар ересектермен қатар, жастар мен жасөспірімдер арасында да топ жарып, Суперкубокті иеленді. 

Сербиядағы «Ұлттар кубогі» халықаралық турниріне әлемнің 20 мемлекетінен 170 спортшы қатысқан болатын. 

21 қаңтар 2019 ж. 1 244 1

JeaCold от 16 ақпан 2019 23:47
Prix Du Lioresal Achat Cialis Pharmacie Suisse Levitra In Farmacia cialis generic Cheap Cialis International Order Viagra From India

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930